ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / 84 жастағы кейуана күніне 6 шақырым жүгіруді әдетк...

84 жастағы кейуана күніне 6 шақырым жүгіруді әдетке айналдырған

Мұны білген жөн 22.09.2025, 09:51 426
84 жастағы кейуана күніне 6 шақырым жүгіруді әдетке айналдырған
depositphotos.com
Жетісу облысы Панфилов ауданының тұрғыны Бақтыбала Қасымова 35 жылдан бері салауатты өмір салтын ұстанады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу облысы Панфилов ауданының тұрғыны Бақтыбала Қасымова 35 жылдан бері салауатты өмір салтын ұстанады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ауылдықтарға нағыз үлгі көрсетіп отыр. Бақтыбала апа таңмен таласа тұрып, ауыл сыртындағы жотаға жүгіріп шығады. Бабын жоғалтпайын деп, салауатты өмір салтын ұстануды  күнделікті әдетке айналдырған.

"Жүгірмесем, қимылдамасам ауырып қаламын. Тұра алмай қаламын. Балаларым "жүгірме, қасқыр бар" дейді. Қарамай жүгіре беремін. Ол денсаулық үшін ғой. Мен сияқты 85-ке келген адам жоқ. Көбі қайтыс болды. Бір-екі адам ғана бар. Олар таяқпен әрең жүреді. Оның жанында жүгіріп, өтіп кетемін. Адам ұмтылу керек. Ниет жасау керек. Жаттығу жасаушы едім, кілем жоқ қой. 50 рет отырып-тұрамын, осы күні қиналмастан 25-20 жасай саламын", - дейді "Алтын алқа" иегері. 

Сексеннің сеңгіріне шыққан әже 20 жылдан аса балабақша меңгерушісі болған. Жетекшілік еткен ұжымымен бірге бүлдіршіндерді еңбекке, білімге баулыды. Бала тәрбиелеу арқылы Бақтыбала апа тұтас ауылдың ардақты анасына айналды. 

"Осы ауылдағы орта буын, аға буынның тәрбиесінен өткен. Сол кісінің жолын басып келе жатырмыз. Балаларға тәрбие беріп отыр. Бүгінде бұл жерде 60 баламыз бар. Үш тобымыз бар. Жұмысшыларымыз бір ұжым болып жұмыс істеп жатыр", - дейді балабақша тәрбиешісі Кенжегүл Баймұқашева. 

Бұл істі Бақтыбала апаның қызы мен келіндері жалғастырып жатыр. Ал, өзі әжелер ансамблінің құрамында көпшілік мәдени шараларға қатысып, ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласады.

"Бүкіл ауылдағы жастарға үлкен өнеге. Өзінің білген ақылын айтып отырады. Апамыз салауатты өмір салтын ұстанады. Одан бөлек қазақы қолөнерді қолдап, дәріптеп отыр", - дейді Талды ауылдық округінің әкімі Қуандық Әшіржанов. 

Талды ауылына келін болып түскен Бақтыбала апа Нұрғазы атамен жарты ғасыр бірге ғұмыр кешті. Екеуі он бір бала өсіріп, қызын-қияға, ұлын ұяға қондырды.

"Ата-анамыздың тәрбиесінің арқасында осы хәлге жеттік. Оқыдық, білім алдық, қазір еңбек етіп жатырмыз. Ата-анамыз осы ауылда еңбек етіп, ел сыйлаған, бүкіл ауыл сыйлаған азаматтар. Әкем болмаса да, орнын жоқтатпай, әлі басымызды қосып, қара шаңыраққа жинап, батасын беріп, тілектерін айтып отырады", - дейді Талды ауылдық округінің әкімі Қуандық Әшіржанов әжейдің ұлы Ерғазы Ешқаев. 

Қимыл қозғалысы ширақ әже бүгінде бейнетінің зейнетін, ұл-қызының қызығын көріп, немере-шөберелерінің ыстық ықыласына бөленіп отыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.