AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / 826 жылдық еңбек өтілі және педагогтардың төрт буы...

826 жылдық еңбек өтілі және педагогтардың төрт буыны: Алматыда отбасылық әулет референдумға қатысты

Референдум 15.03.2026, 17:56 533
826 жылдық еңбек өтілі және педагогтардың төрт буыны: Алматыда отбасылық әулет референдумға қатысты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда өткен республикалық референдумға «Мерейлі отбасы» байқауының әр жылдардағы жеңімпаздары саналатын еңбек әулеттерінің өкілдері де қатысып, дауыс берді. Олардың қатарында Дүйсебаевтар отбасы мен теміржолшылар әулеті – Қапышевтар бар, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қапышевтар — үш буыннан тұратын, 26 адамнан құралған үлкен отбасы. Әулет мүшелерінің теміржол саласындағы жалпы еңбек өтілі 826 жыл. Отбасының еңбек жолы 1932 жылы теміржолда жұмыс бастаған Мұрат Қапышевтан бастау алған. Кейін оның балалары мен немерелері де осы саланы таңдап, отбасылық дәстүрді жалғастырып келеді.

Ал Дүйсебаевтар әулеті педагогикалық дәстүрімен танымал. Бұл отбасының төрт буыны білім беру саласында еңбек етіп келеді. 40 жыл ұстаздық қызмет атқарған Ұлбосын Дүйсебаева тоғыз бала тәрбиелеп өсірген. Балаларының көпшілігі мұғалім мамандығын таңдаса, үш немересі де осы жолды жалғастырып келеді.

Отбасы мүшелері референдумға қатысудың маңызын ерекше атап өтті.

«Әрбір дауыс – -өзіміз таңдаған болашаққа жасалған қадам», — деді Дүйсебаевтар әулетінің өкілдері.

«Референдум елді жақсарту жолындағы ортақ ұмтылыста бізді біріктіретін маңызды қадам», — деді Қапышевтар әулетінің өкілдері.

Учаскеге бүкіл отбасымен келген әулет өкілдері қоғамдық өмірге белсенді араласудың және отбасылық дәстүрге құрметтің үлгісін көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);