AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / 80 жолаушысы бар ұшақ әуежайда қонатын кезде аудар...

80 жолаушысы бар ұшақ әуежайда қонатын кезде аударылып қалды

Әлем 18.02.2025, 11:18 1,123
80 жолаушысы бар ұшақ әуежайда қонатын кезде аударылып қалды
Сурет: Astanatv.kz

Торонто әуежайында Delta Air Lines ұшағы аударылып, 15 адам зардап шекті.

Канададағы Торонто қаласында орналасқан Лестер Б. Пирсон атындағы халықаралық әуежайда Delta Air Lines әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы қону кезінде аударылып қалды. Оқиға салдарынан кемінде 15 адам жарақат алған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

New York Post басылымының хабарлауынша, төтенше жағдай қызметкерлері оқиғаға жедел әрекет еткен. Миннеаполистен келген ұшақ қалың қар басқан ұшу-қону жолағында аударылған. Әлеуметтік желілерде тараған суреттер мен видеолардан әуе кемесінің қатты зақымданғаны байқалады.

Канадалық CP24 телеарнасының мәліметінше, жарақат алғандардың ішінде үш адамның жағдайы ауыр, олардың бірі – бала. Қалған 12 адамның жарақаттары жеңіл деп бағаланған. Барлық зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді.

Жарияланған кадрлардан ұшақтың бір қанаты айтарлықтай майысқаны, ал құйрық бөлігінің ішінара зақымданғаны көрінеді. Оқиға қарлы дауыл кезінде орын алған. Демалыс күндері жауған қалың қар салдарынан әуежай қызметкерлері түн бойы ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстарын жүргізген.

Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, апаттан кейін әуе айлағындағы барлық рейстер уақытша тоқтатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуежай #апат #ұшақ #Торонто
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);