AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 8 желтоқсанынан бастап шетелдіктерге Қазақстанда...

8 желтоқсанынан бастап шетелдіктерге Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат берудің жаңа ережелері күшіне енеді

Әлеумет 01.12.2024, 15:19 1,144 Nursok82
 8 желтоқсанынан бастап шетелдіктерге Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат берудің жаңа ережелері күшіне енеді
Almaty-akshamy.kz. 

Бұл өзгерістер Ішкі істер министрінің жаңа бұйрығы аясында енгізілген және шетелдіктердің Қазақстанда заңды түрде тұруын реттеуге бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Енді шетелдіктер Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алу үшін бірнеше құжатты ұсынуы қажет. Құжаттар тізімі келесі талаптарды қамтиды:

  1. Өтініш формасы — арнайы түрде толтырылуы тиіс.
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі — түпнұсқасы салыстыру үшін ұсынылады.
  3. Медициналық сақтандыру көшірмесі — тек шетелдіктер үшін қажет. ЕАЭО елдері азаматтары үшін бұл талап міндетті емес.
  4. Тұрғын үй иесінің нотариалды куәландырылған келісімі — егер өтініш беруші тұрғын үй алаңының меншік иесі болмаса, онда ол тұрғын үй иесінің келісімін ұсынуы қажет.
  5. Саусақ ізін өткізгені туралы анықтама — шетелдік азаматтардың жеке деректерін тіркеу үшін қажет.

Бұл құжаттар тізімі өтініш берушінің келу мақсатына байланысты өзгеруі мүмкін. Мысалы, отбасын біріктіру, жұмыс істеу, оқу немесе емделу сияқты мақсаттар бойынша келетіндер үшін қосымша талаптар қойылады.

Енді Қазақстанға жұмыс істеу үшін келген азаматтар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат пен біліктілігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынуы керек. Өзгерістер тек жұмыс істеу үшін келгендерге ғана емес, сонымен қатар іскерлік иммигранттарға, студенттерге және медициналық емделуге немесе миссионерлік мақсаттарға келгендерге қатысты ережелерді де қамтиды.

Одан басқа, егер шетелдік құжаттары шет тілінде болса, оның нотариалды куәландырылған аудармасы да ұсынылуы қажет.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстанда болу құжатын алу үшін саусақ ізін тіркеуге міндетті болады. Бұл өзгерістер елде шетелдіктердің қауіпсіздігін және заңсыз миграцияны болдырмауды мақсат етіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шетел азаматы #жаңа ереже #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);