ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 8 айда қазақстандықтар мобильді аударымдар арқылы...

8 айда қазақстандықтар мобильді аударымдар арқылы 36 трлн теңге аударған

Әлеумет 23.09.2021, 12:16 1,090
8 айда қазақстандықтар мобильді аударымдар арқылы 36 трлн теңге аударған
kostanews.ru
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мобильді ақша аударымдары қалай заңдастырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мобильді ақша аударымдары қалай заңдастырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Қаржы министрлігі тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесе отырып, мобильдік аударымдарды реттеуге қатысты заң нормаларын әзірлеген болатын. Ол қазір Парламенттің қарауында жатыр», - деген министр өзгерістің мәнін былай деп түсіндірді:



«Өздеріңіз білесіздер, жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлікпен айналысқанда да, жеке аударымдар жасағанда да, қаражаттары бір шотта араласып кетіп жатыр. Бұл жалпы әкімшілендіруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан біз заң аясында кәсіпкерлікпен айналысқандардан жеке шот ашуды талап етеміз және жеке аударымдар жүргізуге арнайы бөлек шот ұстауы керек. Яғни, біз осындай тетіктерді банктермен, бизнес қауымдастығымен бірлесіп қарастырып жатырмыз. Оны біртіндеп енгіземіз», - деді ведомство басшысы.



Ерұлан Жамаубаев аталған өзгерістің қарапайым азаматтарға қатысы жоқ екенін қайталап еске салды.



«Бұл жерде айта кететін негізгі бір мәселе – халық тарапынан алаңдау болмауы керек. Себебі азаматтардың қолданып жүрген карта шоттары сақталады. Олардың күнделікті өзара бір-біріне аударып жүрген ақшаларына ешқандай нұқсан келмейді. Яғни, бүкіл процесс сол күйінде сақталады. Алдында да айтқанымыздай, мобильді аударымдарды фискалдау үшін ғана заңға біртіндеп өзгерістер енгіземіз. ҚР Ұлттық банкі жинақтап отырған мәлімет бойынша, 8 айда мобильдік аударымдар арқылы және интернет желісі арқылы жүргізілген аударымдар мен төлемдердің жалпы көлемі 36 трлн теңгенің маңайында қалыптасып отыр. Бұл өте қомақты сома», - деді Қаржы министрі.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,983 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.