AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / 75 жаңа мамандық: аптаның айрықша көрсеткіштері

75 жаңа мамандық: аптаның айрықша көрсеткіштері

Мұны білген жөн 01.08.2025, 10:15 871
75 жаңа мамандық: аптаның айрықша көрсеткіштері
Жасанды интеллект

Aqshamnews.kz редакциясы "Күн саны" айдарында апта ішінде болған ең өзекті оқиғаларға шолу ұсынды.

Қазақстанда 75 жаңа мамандық пайда болды

Қазір жаңа мамандықтар Атласында Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша 75 жаңа мамандық бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді.

"Мысалы, металлургия және тау-кен өндірісі саласында смарт жүйелерді әзірлеуші, роботтандырылған тау техникасының операторы, машина жасау саласында – виртуалды прототиптеуші маманы, құрылыста – Big Data талдаушысы, "Ақылды үй" жобалаушысы сияқты жаңа мамандықтар пайда болды. Сонымен қатар, бизнес процестерді автоматтандыруға байланысты 40-тан астам мамандық өзгереді", - деді Иран Шархан.

Үкімет Қызылорда облысындағы егін алқаптарын сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аграрлық секторды тұрақты түрде сумен қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын іске асыру аясында Үкімет резервінен Қызылорда облысының қажеттіліктері үшін 53 жылжымалы дизельді сорғы стансасын сатып алуға шамамен 1 млрд теңге бөлінді. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Өңірде 126,4 мыңнан астам гектар жерге суармалы егін егілген, оның 82,4 мың гектары күріш. Ағымдағы суару маусымында жоспарланған су көлемі 2,5 млрд текше метр.

Жыл аяғына дейін 175 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметте өткен баспасөз конференциясында елімізде бірқатар ірі теміржол жобасы іске асырылып жатқанын айтты.

Мәселен, "Достық – Мойынты" және "Алматы қаласының айналма жолы" жобалары аяқталу сатысында. Келесі жылы "Мойынты – Қызылжар", "Дарбаза – Мақтаарал" жобалары аяқталады. Ал 2027 жылы "Бақты – Аягөз" жобасы іске қосылады.

Астанадағы Джей Лоның концертіне 25 мыңнан аса адам билет алған. 

 Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне 25 мыңнан астам көрермен келмек. Оның 15 мыңнан астамы шетелдік туристерге бұйырған. Бұл туралы концерт ұйымдастырушылары айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күн саны #Дерек #аналитика #жаңалық #талдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);