AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 72 жастағы қария еліміздің кең байтақ жерін жаяу ж...

72 жастағы қария еліміздің кең байтақ жерін жаяу жүріп өтпек

Өмір-өзен 01.04.2022, 03:03 1,516
72 жастағы қария еліміздің кең байтақ жерін жаяу жүріп өтпек

Ұлытаулық қария жаяу марафонға аттанды.


Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығының қызметкері және еңбек ардагері Сәрсенбай Қотырашов Қазақстанның кең байтақ даласын жаяу жүріп өтпекші, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қарашаға дейін 72 жастағы ақсақал бүкіл елді аралап, қолданбалы өнер шеберлерімен кездесіп, өзге өңірлердің тұрғындарын Ұлытау ауданының тарихымен және киелі жерлерімен таныстырмақ. Ол күніне 40 шақырым жол жүруді жоспарлап отыр.


«Ұлытауға бардың ба?» деп аталатын жаяу марафон кеше басталды. Алыс жолға шығар алдында Сәрсенбай Қотырашов «Ұлытау» мұражай-қорығындағы әріптестерімен кездесіп, өз бағытымен бөлісті.



«Мен жеті жыл бойы жаяу марафонға дайындалдым. Менің мақсатым – қолөнер шеберлерімен кездесіп, қазақ халқын Ұлытау тарихымен таныстыру. Соның ішінде «Көкмайса» фестивалін насихаттау да бар. Мен Қазақстанның барлық өңірлерін аралап өтуді жоспарлап отырмын. Қызылорда, Түркістан, Шымкенттен бастаймын. Әрі қарай Тараз, Алматы, Талдықорған қалаларына жол тартамын. Қазақстанның үздік қолөнершілерінің тізімін жасағым келеді. Менің бүкіл бағытым әлеуметтік желілерде жарияланады», – дейді саяхатшы.



Марафоншының жолы: Ұлытау – Қызылорда – Түркістан – Шымкент – Тараз –Алматы – Талдықорған – Аякөз – Семей – Павлодар – Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл – Қостанай – Ақтөбе – Орал – Атырау – Бейнеу – Ақтау.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#марафон #Жаяу #қария
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);