Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 715 млн.теңге сомасына 16 жоба іске асырылды

715 млн.теңге сомасына 16 жоба іске асырылды

Әлеумет 27.11.2023, 05:57 875
715 млн.теңге сомасына 16 жоба іске асырылды
Сурет: ашық дереккөз

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев Алматы қаласының ӨКҚ брифингінде «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде жаңа қоғамдық орындардың қалай құрылып жатқаны, ағаштарды санитарлық кесу және аулаларды жарықтандыру туралы мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Журналистер алдында сөз сөйлеген аудан әкімі 7 магистральдық көшенің жаяу жүргіншілер кеңістігін өзгерту қарастырылғанын айтты. Бүгінгі таңда осы жобалар бойынша ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.


Бұдан басқа, 12 жоба бойынша, жаяу жүргіншілер кеңістігін абаттандыру және жайластыру көзделген. Қалған 3 жоба - 5 жер үсті өткелін күрделі жөндеу, Автожуу жүйесін жайластыру және «Сайран» шағын ауданында инклюзивті ортаны жайластыра отырып, жаяу жүргіншілер аймағын құру. Оларды іске асыру 2024-2025 жылдарға жоспарланған. 


Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жүргізу үшін бос жатқан жер телімдерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Сәтбаев-Щепетков көшесі, Навои көшесі, Өтеген батыр-Отар көшесі сияқты 3 бос аумақты абаттандыру аяқталды. 
 
Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының жүзеге асырылу барысына кеңірек тоқталды. 2023 жылы қала тұрғындардың дауыс беру қорытындысы бойынша 715 млн.теңге сомасына 16 жоба іске асырылды.


Шамамен 2024 жылға жалпы сомасы 2,8 млрд.теңгеге 60 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар келесі жылы жалғасатын болады.
 
Ауданның жарықтандырылуы туралы айта келе, әкім бүгінде аудан 94% - ға жарықтандырылғанын атап өтті. Алайда, аула аумақтарында жарықтандыру бойынша проблемалық мәселе әлі де бар.


Бүгінгі таңда «Алматы Қала Жарық» жарықтандыру мердігері күн сайын жарық нүктелерін қалпына келтіру жұмыстарын күшейтуде 8 авариялық-қалпына келтіру бригадасының күшімен 30 мекен-жайға дейін қамтуда. 


Бұдан басқа, жартылай жарықтандырылмаған 89 аумақ бойынша көше жарығын салуға ЖСҚ әзірлеу үшін қаражат бөлінді. Бұл жобаны іске асыру тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. 


 Сонымен қатар, ауданды көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Өтем ретінде 20 мың ағаш отырғызылуда, бүгінгі таңда 10 мың ағаш отырғызылды, қалған ағаштарды отырғызу жұмыстарын келесі жылы аяқтау жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қала #халық #журналист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.