AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 7000-нан астам адам өздерін құмар ойыннан шектеген

7000-нан астам адам өздерін құмар ойыннан шектеген

Әлеумет 03.04.2024, 06:49 1,038
7000-нан астам адам өздерін құмар ойыннан шектеген
Сурет: Almaty-akshamy.kz

18 наурыздан бастап құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға дербес шектеуге арналған онлайн-сервис іске қосылды.


Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі қанша азаматтың онлайн ойын ойнауға тыйым салғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


18 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұрғындарын құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға дербес шектеуге арналған онлайн-сервис пилоттық режимде іске қосылды.


Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "eGov mobile" мобильдік қосымшасы арқылы қызметті Қазақстанның 7 мыңнан астам азаматтары мен резиденттері пайдаланды.



"Онлайн форматтағы жаңа қызмет қағаз нұсқадағы жазбаша өтінішке қарағанда өтініштерді өңдеу мерзімін едәуір қысқартады және құмар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу рәсімін жеңілдетеді. Бұл барлық азаматқа, ең алдымен құмар ойындармен шектен тыс әуестенетін тұлғаларға барлық лицензияланған ойын мекемелері мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге лезде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді", - деді Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев.



Әлеуетті өтініш берушілердің назарын құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын өз бетінше бас тартқысы келетін тұлғалар өтінішті дербес ЭЦҚ пайдалана отырып, өздігімен беруі тиіс екендігіне аударамыз. Өтінішті үшінші тұлғалар бере алмайды.


Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Туризм және спорт министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп егжей-тегжейлі бейне нұсқаулық әзірледі, ол "eGov mobile" мобильді қосымшасында және Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолжетімді болады:


Сонымен қатар цифрлық сервиспен қатар ҚР азаматтары мен резиденттері үшін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу туралы жазбаша өтінішті (қағаз нысанда) ойын бизнесін ұйымдастырушылары арқылы беру мүмкіндігі сақталады.


Қағаз форматында құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан 3 мыңнан астам адам өздерін шектеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#онлайн #құмар #тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);