AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 700-ден астам педагог 12 жылда мемлекеттен ақшалай...

700-ден астам педагог 12 жылда мемлекеттен ақшалай сыйақы алды

Білім және ғылым 02.10.2024, 16:20 1,711
700-ден астам педагог 12 жылда мемлекеттен ақшалай сыйақы алды
Cурет: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда педагогтердің қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалау дәстүрлі шараға айналды.

2012 жылдан бастап «Үздік педагог» республикалық байқауының аясында еліміздің түкпір-түкпірінен кәсіби қызметінде жоғары көрсеткіштерге жеткен ұстаздар мемлекет тарапынан марапатталып келеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 12 жыл ішінде 700-ге жуық қазақстандық педагог жеңімпаз атанды.

Конкурс педагогтердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға ынталандыруға бағытталған. Оның ішінде ұстаз педагогикалық қауымдастықта табысты сынақтан өткен әдістемелері, сондай-ақ оқушыларының жетістіктері арқылы бағаланады. Дәстүрлі түрде жеңімпаздарға «Үздік педагог» төсбелгісі және 1000 АЭК мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі.

Мәселен, 2023 жылы 64 үздік ұстазға жалпы сомасы 220 млн 800 мың теңге көлемінде сыйақы төленді. «Үздік педагог» атағын иеленушінің әрқайсысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес 3 млн 450 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.

Байқауды өткізу рәсімі автоматтандылырған және жариялы түрде өтеді. Республикалық байқау комиссиясының құрамына үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, журналистер, педагогтер және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының өкілдері енеді.

Биылығы жылы «Үздік педагог» республикалық байқауының аудандық және облыстық кезеңдері 8 тамыз-10 қыркүйек аралығында жергілікті жерлерде ұйымдастырылды. Алғашқы екі кезеңнің нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған педагогтер республикалық кезеңге жолдама алады. Қатысу үшін өтінім 5 қазанға дейін қабылданады. Бүгінгі таңда 180-нен астам мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік ұйымдар педагогі өтінім беріп үлгерді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #педагогтер #байқау #Марапат #сыйақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);