Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 7 қыркүйектен бастап Алматы-Тель-Авив тікелей әуе...

7 қыркүйектен бастап Алматы-Тель-Авив тікелей әуе рейсі ашылды

Әлеумет 09.09.2023, 08:13 1,019
7 қыркүйектен бастап Алматы-Тель-Авив тікелей әуе рейсі ашылды
Сурет: ашық дереккөз

Алматыға Тель-Авив-Алматы тікелей әуе рейсімен Израильден туристердің бірінші тобы келді. Аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері AIRBUS А321lr әуе кемесімен ұшуға болады.


Тель-Авивтен рейстің ұзақтығы 5 сағат 50 минут, Алматыдан кері рейстің ұзақтығы – 6 сағат 45 минут, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жаңа әуе қатынасының ашылуына орай, Алматы қаласының Туризм басқармасы Израильден келген қонақтарды қаланың және оның айналасындағы танымал көрікті жерлермен таныстыру үшін тур ұйымдастырды. Туристер «Шымбұлақ» тау шаңғы курортына, «Медеу» денсаулық баспалдағына, Шарын шатқалына, Көлсай көліне және т.б. керемет орындарға барады.



«Алматы-Тель-Авив» бағыты бойынша жаңа авиарейстің ашылуы қаламыздың туристік әлеуетін арттырады, сонымен қатар, екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Қабылданған шаралар негізінде туристік дестинация ретінде Алматыға деген қызығушылық күннен күнге артып келеді, біз бұл жұмысты жалғастырамыз», - деді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.



Айта кетейік, пандемия аяқталғасын Алматыға туристер көптеп келе бастады. Биыл бірінші жартыжылдықта мегаполиске 972 мыңнан астам адам келді, оның 710 мыңнан астамы – ішкі туристер, 261 мыңнан астамы – шетелдіктер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тель-Авив #әуе рейсі #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.