AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / 7 мамыр - Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күн...

7 мамыр - Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күні

Керек кеңес 03.05.2023, 10:19 5,234
7 мамыр - Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күні
Сурет: Baq.kz

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні


Мемлекет басшысы 1992 жылы 7 мамырда Қазақстанның Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Отан қорғаушылар күні – Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылған күні.



1992 жылы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстанның Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Сол жылы Президенттің Жарлығымен Қазақстанның Қарулы Күштері жасақталды.



Ал 2012 жылы Қарулы Күштердің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті. Соның қарсаңында 7 мамыр мемлекеттік мерекелер тізіміне қосылды.


Қарулы Күштердің құрылымы


Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрамына құрлықтағы әскер, әуе қорғанысы күштері және әскери-теңіз күштері кіреді.



Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған болатын. Олар:






"Астана" өңірлік қолбасшылығы;



"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы;



"Батыс" өңірлік қолбасшылығы;



"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы.




Негізгі міндеттер


Қазақстанның Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде бірқатар міндет жүктелген. Олар:





- әскери күш пен жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз ету;



- ел iшiндегi қақтығыстарды, шекарада немесе ел ішіндегі кез келген заңсыз қарулы күшке тойтарыс бере алатындай деңгейде болу;



- әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;



- маңызды әскери нысандарды күзету;



- елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;



- халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.


Қарулы Күштер бұл мiндеттердi әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Ал соғыс уақытында құрамына Қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi, Ұлттық ұлан, азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#7 мамыр #отан қорғаушылар #Қарулы күштер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);