Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «7-20-25» жалғасатын болды

«7-20-25» жалғасатын болды

Әлеумет 23.12.2022, 10:22 903
«7-20-25» жалғасатын болды
Сурет: Turkystan.kz

Бұған дейін осы бағдарлама аяқталады деп айтылған.


Еліміздегі «7-20-25» ипотекалық тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасы ұзартылатын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын іске асыру жалғастырылады. Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 123 қаулысымен қабылданды», - делінген хабарламада.



Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылы бағдарлама бойынша кредиттеу үшін 100 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарланған. Бағдарлама бойынша жыл сайынғы кредиттеудің нақты көлемі нарықтағы банктердің нарықтық ипотекалық өнімдері мен олардың дамуына байланысты белгіленеді деп көзделіп отыр.



«Жеңілдетілген кредиттеумен азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралды. Атап айтқанда, әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлігінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.) өзгеріссіз қалады», - делінген ҰБ хабарламасында.



2022 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша, 852,2 миллиард теңге көлемінде 64 146 жеңілдетілген қарыз берілген.


Бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20 пайыздан бастап бастапқы жарнамен жылдық 7 пайыз жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша 25 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылған.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бағдарлама #баспана #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.