ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / 600 мың теңгелік торт: блогер мен кондитер арасын...

600 мың теңгелік торт: блогер мен кондитер арасында дау шықты

Оқиға 16.08.2025, 11:18 714
 600 мың теңгелік торт: блогер мен кондитер арасында дау шықты
Видео кадры
Аста-төк той жасап, туған күніне 600 мың теңгеге торт жасатқан блогер Аселина Батыр кондитерге ақшасын әлі бермеген. Өйткені кондитер қойған бағасы көңілінен шықпаған. Заңгердің айтуынша, бағасы...

Аста-төк той жасап, туған күніне 600 мың теңгеге торт жасатқан блогер Аселина Батыр кондитерге ақшасын әлі бермеген. Өйткені кондитер қойған бағасы көңілінен шықпаған. Заңгердің айтуынша, бағасы да алдын ала келісілмеген көрінеді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

"Жоқ, сол кезде де мүлдем баға айтылған жоқ. Түсінесіз бе, мүлдем айтылған жоқ.  Той боп жатқан уақытта тортты тапсырды. Алдын ала әкелген жоқ, 18 шілдеден бастап 3 тамызға дейін мүлдем айтпады. Әсел бірнеше рет сұрады. Баға қанша болады деп. Өйткені менде есеп бар, ондай да болған жоқ", - дейді заңгер Ғазиза Әмірбек. 

Құрақ көрпе тігумен танылған Аселина Батыр туған күніне тапсырыс берген тәттіге алдын ала 100 мың теңге көлемінде төлем жасаған екен. Ал нақты бағасын білмеген. Адвокат нарықтағы соманы ғана береміз дейді. Алайда кондитер Нұршат Ақбергенова тапсырыс берушінің бұл пікірімен келіспейді. Оның айтуынша, барлық қоспасы қымбат, шығынның бәрін өз қалтасынан шығарған. Жастық пішінді тортты жеп алған соң, тұтынушының дау шығарып отырғанына ренжулі. Салмағы 18 келі тартатын бұл жұмыстың тым арзан бағаланғанын да қаламайды. Тараптар мәмілеге келе алмағандықтан, іс сотқа өтті.

"Автор жұмысы ол тапсырыс берушіге ғана арнап жасалады. Оңай жұмыс емес. Мұндай жұмыс өзге жұмыстан әлдеқайда қымбат жүреді. Сенім артып маған тапсырыс берген соң, шын жүрегіммен жасадым. Жұмыстың бағаланбай қалғаны өте жаман. Онымен қоса, әлеуметтік желіге мені балағаттағаны үшін де көңілім қалды, заң алдында жауап бергенін қалаймын", - дейді кондитер Нұршат Ақбергенова. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.