AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 600 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

600 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

Әлеумет 06.10.2021, 04:17 1,671
600 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі
www.gov.kz

Алдағы бес жыл ішінде 600 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында каналдар мен су қоймаларын салуды талқылау кезінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 







«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, біз 2030 жылға дейін суармалы жер көлемін 3 миллион гектарға дейін жеткізуіміз қажет. Суармалы егіншілік негізгі су тұтынушы болып отырғанын айта кету керек. Бүгінгі таңда суармалы жерлердің алаңы 1,6 миллион гектарды құрады. Бес жыл ішінде 600 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Осылайша, суармалы жерлердің алаңы 2,2 миллион гектарға дейін жеткізілетін болады», - деді Серікқали Брекешев.



Суармалы егіншіліктің ағымдағы жай-күйіне тоқталсақ, су тартудың барлығын алғанда 12,1 текше километр тұрақты суаруға келеді. Оның ішінде 11,8 текше километр 4 оңтүстік облысқа тиесілі: 1,25 млн гектар суармалы алаңы бар Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары қамтылған. Яғни, бұл суаруға арналған су тартудың 97% пайызы және ел бойынша барлық суармалы алаңның 78% пайызы. Бұл ретте, осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, су үнемдеу технологияларымен қамтылған алаң республика бойынша 248 мың гектарды құрады. Оның ішінде оңтүстік өңірде 1,25 млн гектардың тек 5,4 пайызы немесе 67,7 мың гектары ғана енгізілген.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #суару #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);