ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 600-ден астам алматылық оқушылар 2024 жылы халықар...

600-ден астам алматылық оқушылар 2024 жылы халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанды

Әлеумет 21.02.2025, 09:07 707
600-ден астам алматылық оқушылар 2024 жылы халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Робототехникадағы серпіліс: алматылық оқушылар АҚШ-та үздік 10-дыққа кіріп, Женева, Сингапур және Афинада әлем чемпиондары атанды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Робототехникадағы серпіліс: алматылық оқушылар АҚШ-та үздік 10-дыққа кіріп, Женева, Сингапур және Афинада әлем чемпиондары атанды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда «Алматы Дарыны» орталығының 2024 жылғы жұмысының қорытындылары жарияланды. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында орталық директоры Гулнұр Каримғажы мәлімдеді.

«Жыл бойы орталық 200-ден астам зияткерлік олимпиада мен байқау ұйымдастырып, оларға 250 мыңнан астам оқушы қатысты. 2024 жылы Алматының 894 оқушысы 32 халықаралық олимпиада мен байқауға қатысып, олардың 604-і жеңімпаз және жүлдегер атанды», – деді спикер.

Оның айтуынша, халықаралық олимпиадаларда Қазақстан құрамасы сапында Алматының 4 оқушысы өнер көрсетіп, барлығы күміс медаль жеңіп алған. Ал республикалық жарыстарда қала командасы 63 медаль иеленіп, «Үздік олимпиадалық команда – 2024» атағына ие болды.

Алматылық оқушылар олимпиадаларда ғана емес, робототехника саласында да жоғары жетістіктерге жетуде. 2024 жылы қала командасы АҚШ-тың Даллас қаласында өткен чемпионатта үздік 10-дыққа енді. Бұдан бөлек, алматылықтар Женевада (2022), Сингапурда (2023) және Афинада (2024) үш рет әлем чемпионы атанған.

«Біз – 140-гимназия мектебінің Uly Dala командасымыз! Біздің робототехникадағы жолымыз 2022 жылы First Lego League турнирінен басталды, ал уақыт өте келе First Tech Challenge деңгейіне өттік. Қазір біз жарыстарға қызу дайындалып, барлық бос уақытымызды стратегияларды жетілдіруге, механизмдер мен бағдарламалауды дамытуға арнаудамыз», – деді команда мүшесі Айханым Шамшадин.

«Sana Team» командасының капитаны Смаил Дарын да өз жетістіктерімен бөлісті: «Біз робототехникамен екі жылдан астам уақыт айналысып келеміз. Осы уақыт ішінде Австралия, Кипр, Үндістан және Қырғызстан сияқты елдерде болдық, Қазақстан атынан беделді марапаттарға ие болдық. Қазір біз Хьюстондағы әлемдік жарыстарға дайындалып жатырмыз және жоғары нәтиже көрсетеміз деп үміттенеміз».

Айта кетейік, Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты – су ресурстары мәселесіне арналған Almaty Tech Cup өтеді. Жеңімпаздар Қазақстанды халықаралық аренада таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,332 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.