ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / 6 мамырға жасалған ауа райы болжамы

6 мамырға жасалған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 06.05.2024, 03:05 941
6 мамырға жасалған ауа райы болжамы
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Қазгидромет еліміздің 17 облысы мен 3 мегаполисінде күн райының құбылуына байланысты ескерту жариялады

Қазгидромет еліміздің 17 облысы мен 3 мегаполисінде күн райының құбылуына байланысты ескерту жариялады



6-7 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болады деп болнуына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағын қалыптасуы және өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал, судың жайылуы, су басуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда өзендердің жайылу аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.


6 мамырда түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.


Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады.


Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, жылдамдығы 8-23, кей уақытта екпіні 29 м/с болады. 


Алматы қаласында 6 мамырда түнде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.


Қонаев қаласында 6 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі. Жел батыстан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с.


6 мамырда түнде Абай облысында жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.


6 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қаласында 6 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.


6 мамырда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде таулы аудандарында, күндіз тау бөктерлерінде кей уақыттарда найзағай ойнап, дауыл соғады.


Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.


Шымкент қаласында 6 мамырда кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыса жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.


Түркістан қаласында 6 мамырда түннің бірінші жартысында кей уақыттарда найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.


6 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, түнде облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.


6 мамырда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.


Қарағанды қаласында 6 мамырда түнде топырақтың бетінде 2 градус үсік жүреді.


6 мамырда түнде және таңертең Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.


6 мамырда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде, орталығында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.


Талдықорған қаласында 6 мамырда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.


6 мамырда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Көкшетау қаласында 6 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.


6 мамырда күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Қостанай қаласында 6 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік жүреді.


6 мамырда түнде және таңертең Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.


6 мамырда түнде Ақтөбе облыстың солтүстігінде 3 градус үсік сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қаласында 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік сақталады.


6 мамырда түнде Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. 6 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қаласында 6 мамырда түнде тұман күтіледі.


6 мамырда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

6 мамыр күні күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында 6 мамыр жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.


Астана қаласында 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік жүреді.

6 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.