AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 6 жыл тіркеусіз жүрген шетелдік азамат ұсталды

6 жыл тіркеусіз жүрген шетелдік азамат ұсталды

Заң мен тəртіп 04.08.2023, 08:02 1,087
6 жыл тіркеусіз жүрген шетелдік азамат ұсталды
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының аумағында 6 жыл тіркеусіз жүрген шетелдік азамат ұсталды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Polisia.kz мәліметі бойынша, жыл басынан бері көліктегі полициясы департаментінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде екеуі мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін және біреуі заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін. Сондай-ақ 943 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы көліктегі ПД бастығының міндетін атқарушы Мадияр Айтуғанов айтты.


Оның айтуынша, 2 тамызда Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің көлік полицейлері “Әскерилендірілген теміржол күзеті” ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, Өзбекстан Республикасының 41 жастағы азаматын анықтап, ұстады. Ол тауар вагоны арқылы Алматы қаласына дейін жетпекші болған. Тексеру кезінде шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасының аумағында 6 жыл бойы тіркеусіз жүргендігі анықталды.



– Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі (Жүк пойыздарында заңсыз жүріп-тұру), 559-бабының 5-бөлігі (Белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту) және 517-баптың 4-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылып, Т.Рысқұлов атындағы ауданның сотына жіберілді. Сот шешімімен шетелдік құқық бұзушыға әкімшілік жолмен Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығарып жібере отырып, ҚР аумағына 5 жылға кіруге тыйым салынды, – деді М.Айтуғанов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#тіркеу #Шетел азаматы #заң бұзған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);