Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 57 үйде 102 жеделсаты ауыстырылды

57 үйде 102 жеделсаты ауыстырылды

Әлеумет 15.02.2024, 10:40 942
57 үйде 102 жеделсаты ауыстырылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Желілерді тарту және аулаларды жөндеу: Алматы әкімімен кездесуде айтылған қала тұрғындарының мәселесі қалай шешіліп жатыр


Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінде 2023 жылдың қыркүйегінде аудан тұрғындарымен кездесуде мегаполис басшысының берген тапсырмалары туралы айтылды.



  • Сонымен, бұрынғы «Восход», «Садовод», «Ардагер» бау-бақша серіктестіктерінің тұрғындары талайдан бері айтылып келе жатқан кәріз желілерін төсеу мәселесін көтерді. Соның нәтижесінде 8 көшеде 117 жеке үйді немесе 470 тұрғынды қамтитын ұзындығы 5,2 шақырым желілер салынды. Бүгінгі таңда абоненттерді қосу жұмыстары қолға алынған, ол наурыз айында бітеді. 

  • Бұған қоса, Сайын және Ұлықбек көшелерінің аумағында су құбыры желілерін қайта жаңартудың аяқталмай қалуы алаңдаушылық айтылды. Қорытындысы бойынша өткен жылдың соңына дейін қайта жаңарту аяқталды, асфальт жабыны осы жылдың бірінші тоқсанында қалпына келтіріледі.

  • Аудан халқының өтініші бойынша жоспарланған 23 мыңның орнына жалпы ауданы 56 мың шаршы метр болатын 47 көшедегі жолдар ағымдағы жөндеуден өтті. Сонымен қатар, ұзындығы 11,4 км болатын 12 көшеге орташа жөндеу жүргізілді, Сайын көшесіндегі 4 жер асты өткелі жөнделді. Береговой және Ю.Ким көшелерінің қиылысында бағдаршам кешені салынды. 

  • 7, 8, 9, 10,11, 12, Жетісу-1,2,3,4 шағын аудан тұрғындарының аула аумақтарын күрделі жөндеудің мерзіміне қатысты алаңдаушылығы болды. Соның нәтижесінде қараша айында ойын алаңдарын, тренажерлерді орнатумен, жарықтандыруды жаңартумен және тағы басқалармен 161 ауланы күрделі жөндеу аяқталды. Бұған қоса, 58 аула аумағы ағымдағы жөндеуден өтті. 

  • Әрі ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 38 үйде шатыр мен инженерлік желілер жөнделіп, 57 үйде 102 жеделсаты ауыстырылды. Сәулеттік жарықтандыру орнатылып, бес үйдің қасбетіне жөндеу жүргізілді.


Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасымен ауданның аулаларында, саябақтарында және скверлерінде қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында жыл қорытындысы бойынша 800-ге жуық бейнекамера орнатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #халық #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.