Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 56 мыңнан астам адам Enbek HR қосымшасын пайдалана...

56 мыңнан астам адам Enbek HR қосымшасын пайдаланады

Әлеумет 28.08.2024, 10:41 1,271
56 мыңнан астам адам Enbek HR қосымшасын пайдаланады
Сурет: Gov.kz

Enbek HR мобильді қосымшасы өткен жылы жұмыскерлерге hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталының функционалдығына қол жеткізуді жеңілдету үшін іске қосылды.

Қосымшаны 56,6 мың пайдаланушы жүктеп алған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бүгінгі таңда мобильді қосымша арқылы порталдың бірқатар қызметтері мен сервистері қолжетімді. Еңбек шартына қол қою мүмкіндігінен басқа, қызметкер жұмыс берушілердің Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген өзінің еңбек шарттарын қарап, одан жұмыс орнынан анықтама ала алады немесе еңбек шарты бойынша мәліметтерді өзектендіре алады (бұзу, жою, түзету – растайтын құжаттарды тіркеген кезде).

Сондай-ақ, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттары негізінде қалыптастырылған электрондық еңбек кітапшасын жүктеуге, әлеуетті жұмыс берушіге жеке деректермен танысуға келісім беруге болады («Қызметкердің жеке ісі» сервисінде).

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскер тікелей мобильді қосымшада арнаулы әлеуметтік төлемге құқығының бар-жоғын тексеріп, оның сомасын алдын ала есептей алады

Сонымен қатар Enbek HR мобильді қосымшасында қызметкер онлайн режимінде push-хабарламалар алады, бұл еңбек шарттарымен жүргізілетін барлық іс-әрекеттер туралы хабардар болуға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Enbek HR қосымшасы белсенді дамып келеді және жақын арада жаңа функционалдар қол жетімді болады. Оны App Store және Google Play-дан жүктеп алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Enbek HR #қосымша #еңбек ресурстары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері құқықтық мәдениетін нығайтуда

Бүгін 21:07

Алматы қаласы аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы, орналасқан жері, шеқаралары және жұмыс уақыты туралы

Бүгін 19:07

Сайлау кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және Алматы қаласының мәслихатына депутаттыққа кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізбесі

Бүгін 18:54

Колледж оқытушылары жасанды интеллект негіздерін тегін оқып шықты

Бүгін 18:07

Алматыда сталкингтің алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі