AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / 5.5G интернет желісі қолданысқа енгізіледі

5.5G интернет желісі қолданысқа енгізіледі

Әлем 07.03.2024, 04:30 1,151
5.5G интернет желісі  қолданысқа енгізіледі
Сурет: 24.kz

Қытай 5.5G интернет желісін әлемде бірінші болып қолданысқа енгізгелі жатыр.


Мобильді желі 5G-ден қарағанда 10 есе жылдам. Бұл жоба алдымен пилотсыз көліктерді басқару жүйесінде қолданылып, сынақтан өтті. Сынақ сәтті жүзеге асқан. Енді оны интеллектуалдық өндіріс саласына енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Жаңа мобильді байланыс 5G-А деп те аталады. Мамандар бастапқы тәжірибеде тапсырыс жеткізуге арналған пилотсыз жүретін 100 көлікті желіге қосып көрді. Интернеттің аса жылдамдығы қозғалыс қауіпсіздігі мен жұмыс тиімділігін арттырған. Желіні сынау әлі толық аяқталған жоқ. Қазір Бейжіңде тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.



«Көліктер жолда түрлі кедергілерге тап болатын. Көп жағдайда жаяу жүргіншілер, бағдаршамға тоқтаған өзге де көліктер жолды бөгейді. Осы себепті біз 5.5G интернетінің базалық станцияларын жақын етіп орналастыруға мән бердік. Осының арқасында бағдаршам белгілері көлік базасына бірден жетеді. Сынақ күрделі жолдармен жүру кезінде өте ыңғайлы болып шықты», - дейді бас сәулетші Цзэн Венда.



Қазір елде 5G интернеттің жылдамдығы жасанды интеллектіні пайдалану, 3Д жобаларды жасау кезінде жеткіліксіз болып отыр. Заманауи технологияның талаптарына толық сай келмейді. Нақтырақ айтсақ, өткізу мүмкіндігі төмен. Әрі электр қуатын шамадан тыс көп тұтынады. 



«5.5G осы мәселені жоюға мүмкіндік берді. Бұл 5G мен 6G арасындағы өтпелі кезең десе болады. Желінің мүмкіндігін арттырған сайын түрлі салада цифрлық өнімділіктің қуаты күшейе түседі. Қызметтің жаңа түрлері пайда болады. Жаңа желі экономикалық жағынан да өте тиімді», - дейді Қытайдың электронды-ақпараттық индустриясын дамыту институтының ғалымы Сюй Чанг.



Қазір қытайлық байланыс операторлары 5.5G интернетті қосуға дайындалып жатыр. Бастапқыда бұл желі елдің 300 қаласына орналастырылғалы отыр. Қазірдің өзінде елдің 20 провинциясына мыңнан астам базалық станция құрылып қойылған. Олардың бәрі биыл толықтай коммерциялық қолданысқа енгізілмекші.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#5.5G #интернет желісі #Қытай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);