ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 553 қазақстандық Украинадан шығарылды

553 қазақстандық Украинадан шығарылды

Әлеумет 05.03.2022, 15:00 1,387
553 қазақстандық Украинадан шығарылды
Сурет: Inform.kz
Киевтегі Қазақстан елшілігі штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

Киевтегі Қазақстан елшілігі штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.


Жалпы, ҚР азаматтарын Украинадан эвакуациялау басталғаннан бері Қазақстанның шет елдердегі мекемелері 553 азаматтың шығуына көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty-aksha,y.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оның ішінде Польшаға 526 адам, Молдоваға – 21 адам, Молдовадан Румынияға 9 адам, оның ішінде 7 адам Қазақстанға ұшып кетті, 2 азаматты Бухаресттегі ҚР Елшілігі қонақ үйге орналастырды, Мажарстанға 5 адам, Словакияға 1 адам шықты.


Бүгінгі таңда «Air Astana» әуе компаниясының үш эвакуациялық ұшағымен Қазақстанға 432 адам қайтарылды.


Қазір төртінші эвакуациялық ұшақты жіберу бойынша жұмыс жүргізілуде. Рейс Катовице қаласында (Польша) азаматтардың қажетті санының жиналуына қарай жүзеге асырылады.


Қазақстандық дипломаттар жоғарыда аталған мемлекеттердің шекарасынан өтуді, азаматтарды жинауды және орналастыруды, сондай-ақ Қазақстанға одан әрі жөнелтуді қамтамасыз етуде. Айта кететін жәйт, осыған дейін Украинадан шыққан бірқатар отандастар Еуропалық Одақ аумағында қалуға шешім қабылдады.


Қазіргі уақытта Катовице қаласында 30 ҚР азаматы бар, Украина-Польша шекарасында 30 жолаушысы бар тағы 1 автобус өз кезегін күтуде. Львовтағы ҚР Құрметті консулдықтың жанындағы эвакуациялық жинау нүктесінде 9 адам, Киевтегі ҚР Елшілігінде 10 адам, Харьковта 7 адам бар. Киевтегі ҚР Елшілігі штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.


«Атамекен» ҰКП ақпаратына сәйкес, Украинадағы әскери әрекеттер басталғаннан кейін сол елдің аумағында 47 жүргізуші – ҚР азаматтары және 8 жүргізуші – шет мемлекеттердің азаматтары бар жалпы 55 бірлік автокөлік қалып қалды.


Қазіргі уақытта ҚР шет елдердегі мекемелерінің тікелей көмегімен және араласуымен 55 автокөлік құралдарының 31-і шықты, оның ішінде 11 көлік Ресейге, 8 көлік Молдоваға, 12 көлік Польшаға шықты, қалған 24 автокөлік Украина аумағында қалып қойды.


ҚР СІМ жүргізушілермен байланыс орнатқан, олардың тізімдері жасалып, автокөліктің орналасқан жері нақтыланды. Жүк тасымалдаушылардың тұрған жеріне байланысты ҚР тиісті шетелдік мекемелерге автокөлік құралдарын эвакуациялау бойынша тапсырмалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,440 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,314 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.