AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 500 оқушыға 1 маман есебінен педагог-психологтарға...

500 оқушыға 1 маман есебінен педагог-психологтарға жүктеме азаймақ

Білім және ғылым 08.11.2023, 04:27 1,343
500 оқушыға 1 маман есебінен педагог-психологтарға жүктеме азаймақ
Сурет: Gov.kz

Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарында психологиялық қолдауды институционализациялау бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.


Атап айтқанда, 500 оқушыға 1 маман есебінен педагог-психологтарға жүктемені азайту мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Психологиялық қолдау қызметтерін күшейту мақсатында Министрлік биыл тамыз айында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары, сондай-ақ педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарды даярлауға қойылатын талаптарды қамтитын «Педагог» кәсіптік стандарты қабылданған болатын.



«Мамандардың неғұрлым тиімді жұмыс атқаруы үшін білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет Ережелері қабылданды. Міндетті құжаттардың тізбесі қысқартылды. 8 өңірде психологиялық қолдау орталықтары құрылып, «Цифрлық кабинет» жұмыс атқармақ. Педагог-психологтардың жұмыс уақыты бекітіліп, оқыту курстары ұйымдастырылды. Мәселен, биыл 4,5 мыңға жуық педагог-психолог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Аталған шаралар балалар арасындағы келеңсіз құбылыстардың санын азайтып қана қоймай, позитивті ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік бермек», - деп атап өтті Насымжан Оспанова.



Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын жаңарту және білім беру ұйымдарында мамандар санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, еліміздің барлық өңірлерінде психологиялық қызмет орталықтарын ашу жоспарланған. Айта кетейік, бүгінде елімізде 8 мыңнан астам педагог-психолог жұмыс атқарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Педагог-психолог #жүктеме #азайту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);