ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / 50 үздік ғалымға 6 млн теңгеден сыйақы берілді

50 үздік ғалымға 6 млн теңгеден сыйақы берілді

Білім және ғылым 31.12.2021, 04:20 1,723
50 үздік ғалымға 6 млн теңгеден сыйақы берілді
Сурет: Сatherineasquithgallery.com
Ғалымдардың еңбегі бағаланды

Ғалымдардың еңбегі бағаланды


«Үздік ғылыми қызметкер — 2021» сыйлығының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының 50 ғалымы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2 000 АЕК, яғни 5 млн 834 мың теңге көлемінде куәлік пен сыйақы алады. Ел Президенті Қ.К. Тоқаев ғалымдарды қолдауға ерекше көңіл бөледі.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 500-ге жуық ғалымның ғылыми тағылымдамадан өтуіне стипендия тағайындалды, сонымен қатар постдокторантура үшін жас ғалымдарға 1000 грант бөлінді. Президент тарапынан ғалымдарды қолдаудың кезекті шарасы жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын тағайындау болды. Ол ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді қолдауға бағытталған.



«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігі ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлерін жан-жақты қолдау мәселелеріне назар аударады. Биыл министрлік алғаш рет еліміздің үздік ғалымдары үшін сыйақы тағайындады. Конкурсқа қатысуға өтінімдер осы конкурс үшін арнайы құрылған және автоматты түрде сегіз өлшемшарт бойынша балдары бар ақпараттық жүйе арқылы қабылданды. Ғылыми жетістіктерді бағалау критерийлері ғылыми және сараптамалық қауымдастықпен бірге жасалды. Барлық қатысушы өтінім беру кезеңінде өз балын көре алды. Оларды комиссия қарады және сараптамалық топтар ұсынылған құжаттардың бекітілген критерийлерге сәйкестігін секцияларда тексерді. Комиссия мен сарапшылар тобының құрамында жетекші ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, жас ғалымдар кеңесі мен жас ғалымдар альянсының мүшелері жұмыс істеді»,- деп атап өтті ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева.



Конкурсқа қатысу үшін барлығы 7 бағыт бойынша 575 өтінім келіп түсті. Олардың арасында жаратылыстану ғылымдары, инжиниринг және технологиялар, медицина және денсаулық сақтау, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары, әскери ғылымдар және Ұлттық қауіпсіздік ғалымдары болды.


Нәтижесінде комиссия 6 ғылыми зерттеу институттары мен 16 жоғары оқу орынынан 50 ғалымға «Үздік ғылыми қызметкер-2021» сыйлығын беру туралы шешім қабылдады.


Олардың арасында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Рахметқажы Берсімбай, Ядролық физика институты филиалының жетекшісі Максим Здоровец, Қарағанды техникалық университетінің профессоры Аристотель Исағұлов, Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры PhD докторы Қайрат Дәулетов, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры Қайсар Табынов және басқалар бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.