ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / 5 жылда 2 млрд. ағаш отырғызылады

5 жылда 2 млрд. ағаш отырғызылады

Өмір-өзен 12.08.2021, 10:32 2,143
5 жылда 2 млрд. ағаш отырғызылады
oir.mobi
2 млрд. ағаш отырғызу жобасына 200-ден астам орман питомниктері мен басқа да ұйымдар қатысады

2 млрд. ағаш отырғызу жобасына 200-ден астам орман питомниктері мен басқа да ұйымдар қатысады


 


Қазіргі уақытта ҚР Экология министрлігі еліміздің ауқымды көгалдандыру жобасын іске асырып жатыр. Оның аясында 5 жыл ішінде 2 млрд.ағаш отырғызуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



 Жоба басталғалы бері 81,5 млн. ағаш отырғызылды. Күзде тағы 48,2 млн. ағаш отырғызылады. Отырғызу көлемі 2021 жылғы 129,7 млн.ағаштан 2025 жылы 642,8 млн. ағашқа дейін ұлғаятын болады.



 Жобаны жүзеге асыру үшін барлық облыстар және министрліктің ведомстволық бағынысты мекемелерінде орман өсірудің 5 жылдық кешенді жоспары бекітілді. Оны әзірлеу кезінде қолданыстағы питомниктердің және отырғызу материалын өсіруді жүзеге асыратын ұйымдардың мүмкіндіктеріне талдау жасалды.


 Осы деректерге сәйкес ағаштар мен бұталарды отырғызу жұмыс көлемі бойынша жоспарлы көрсеткіштер әзірленді. Облыстарда отырғызу материалдары жеткіліксіз қамтамасыз етілсе, жоспарлармен жұмыс істеп тұрған питомниктерді кеңейту және уақытша питомниктер құру көзделген. Сондай-ақ орман дақылдарының тұқымын жинау көрсеткіштері ескерілді.


Бүгінгі таңда Қазақстанда орман дақылдарының отырғызу материалдарын көбейту мен өсіруді жүзеге асыратын 44 тұрақты және 158 уақытша питомниктер мен ұйымдар жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қарағай, шырша, балқарағай, қайың, шегіршін, сексеуіл, үйеңкі, шаған, емен және басқа да ағаш түрлерінің 1-3 жастағы көшеттері бар. Жалпы - 165,5 млн. дана. Айта кетейік, басқа елдерден отырғызу материалдарын сатып алу қарастырылмаған.



 Жоба бойынша: сексеуіл – шамамен 610 мың дана; қарағай – 555 мыңнан астам дана; үйеңкі – 193 мыңнан астам дана; шегіршін – 132 мыңнан астам дана; қайың – 100 мыңнан астам дана және басқа да тұқымдар отырғызу жоспарланған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.