AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / 48 сағатта 350 км жүгірген әскери қызметші Қазақст...

48 сағатта 350 км жүгірген әскери қызметші Қазақстан рекордын жаңартты

Спорт 27.10.2022, 02:21 1,268 Almaty-akshamy
48 сағатта 350 км жүгірген әскери қызметші Қазақстан рекордын жаңартты
Сурет: Министрлік

Рекордсмен Алматыда және еліміздің Қарулы күштерінде өткен бірнеше марафондардың жеңімпазы


Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығы қамтамасыз ету ротасы жауынгерлік көлігінің командирі 3-сыныпты сержант Рауан Абылханов ультрамарафонды сәтті аяқтады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Республика күні қарсаңында ол «Әли» оқу-жаттығу орталығынан Алматы облысының Шелек ауданы бағытында 48 сағат ішінде 350 шақырымды жүгіріп өтемін деп сөз берген еді.


26 қазанда марафоншыны мәре сызығында институт басшылығы, әріптестері, туыстары мен достары қарсы алды.




«Табандылық пен жеңіске деген ерік-жігердің арқасында 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов 47 сағат 23 минутта межелі қашықтықты жүгіріп өтіп, рекорд орнатты. Рауан өз мақсатына жетуде бар-күш жігерін аямаған нағыз жауынгер», – деді әскери институт бастығының бірінші орынбасары подполковник Жәнібек Сарғазин.



Рауан Әбілхановтың жеңіл атлетикамен айналысқанына он жылдан асыпты. Рекордсмен Алматыда және еліміздің Қарулы күштерінде өткен бірнеше марафондардың жеңімпазы.
«Бұл менің ғана емес, барлық әріптестерімнің, туыстарымның, достарымның жеңісі. Олардың сенімі мен үмітін ақтау үшін бар күш-жігерімді салдым», – дейді 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов.
Марафоншының құрметіне өткен салтанатты жиында Қазақстан Рекордтар кітабының өкілдері оған тиісті сертификат табыс етті. Ал достары Kia Rio автокөлігін сыйға тартты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүгіру #спорт #Рекорд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);