AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 400-ге жуық алматылық баспаналы болды

400-ге жуық алматылық баспаналы болды

Әлеумет 04.06.2024, 09:08 830 Nursok82
400-ге жуық алматылық баспаналы болды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында «Alem City-2» ТҮК орналасқан 5 үйден ХӘОТ санатындағы тағы 105 кезекте тұрған жандарға салтанатты түрде пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Іс-шараны осы кешендегі пәтер кілтін табыстау рәсімінің жалғасы деуге болады. Естеріңізге сала кетейік, биыл 25 мамырда ХӘОТ санатындағы бірінші кезекте тұрған 124 адамға жаңа пәтерлердің кілті табысталды, ал 28 мамырда тағы 164 азамат баспаналы болды.

«Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы «Халықтың әлеуметтік осал топтары» тізімі бойынша кезекте тұрған азаматтарға кезек ретімен қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан 2000 жалға берілетін пәтер беру жоспарланып отыр, оның 400-і жетім балаларға беріледі. Осылайша, ХӘОТ санатындағы кезекте тұрған 105 адамға пәтер былай беріледі: жетім балалар - 30, 1 және 2 топтағы мүгедек – 8, жеңілдік бойынша ҰОС-ға теңестірілген ардагер – 1, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы – 6, зейнеткерлер – 8, толық емес отбасы – 52. Барлық пәтер кең, таза әрлеуде беріледі», - деді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы. 

Алматыда мұндай жобаларды іске асыру қала тұрғындарының, әсіресе қиын өмірлік жағдайға тап болғандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Қала билігі азаматтардың әлеуметтік осал санатына қажетті қолдауды қамтамасыз ете отырып, тұрғын үй мәселесін шешу бойынша белсенді жұмысын жалғастырып отыр. Жаңа пәтер иелері баспананың тамаша сыйлық болғанын, оның жаңа мүмкіндіктерге ашатынын атап өтті.

«Ұялы телефоныма қоңырау шалып, пәтердің иесі болғанымызды айтты, басында сенбедім. Біз үшін бұл үлкен бақыт және тосын сый! Ұлымды жалғыз асырап отырған мен үшін бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдау. 2015 жылы кезекке тұрған едім», - деді алматылық Виктория Гришина.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пәтер #әлеумет #қоғам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);