Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 4-7 жылға сотталады: Бас прокуратура қыз алып қашқ...

4-7 жылға сотталады: Бас прокуратура қыз алып қашқандарға қандай жаза бар екенін түсіндірді

Әлеумет 16.06.2022, 03:50 1,198
4-7 жылға сотталады: Бас прокуратура қыз алып қашқандарға қандай жаза бар екенін түсіндірді
Cурет: Turkystan.kz

Бұл қылмыс үшін ең қатал жаза - 15 жылға соттау


ҚР Бас прокуратурасы қыз алып қашқан жағдайда қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қыз алып қашу - салт-дәстүр ме, қылмыс па, мұны ажыратудың бір жолы бар, ол - қалыңдықтың келісім беруі және алып қашқан адамдардың осындай келісімнің барын түсінуі. Басқаша айтқанда, келісім бермеген қызды еркінен тыс алып қашса, күштеп ұстап, басқа жерге апарса, алып қашқандар осы мән-жайды білсе - бұл ауыр қылмыс саналады. Қылмыстық кодекстің 125-бабы - адам ұрлау бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал егер кәмелетке толмаған қызды ұрласа, бұл жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін және мүлкі тәркіленеді», - деп мәлім етті Бас прокуратурадан.



Ведомство хабарлауынша, бұл қылмыс үшін ең қатал жаза - 15 жылға соттау.
Қазақпарат мәліметінше, оның ішінде топ болып алып қашса, жәбірленушіні абайсызда өлтіріп алу және басқа ауыр жағдайларға әкеп соқса, ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса, осындай ауыр жаза қолданылуы мүмкін.



«Егер сізді алып қашса немесе көз алдыңызда осындай жағдай болса, дереу 102 қызметіне қоңырау шалыңыз. Полицияға мүмкіндігінше көліктің маркасы, түсі, нөмірі, алып қашқандардың түр-әлпеті, киімі секілді ерекше белгілерді хабарлаңыз. Бұл жағдайда жай ғана куәгер болсаңыз да, арыз жазылмаса да қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталады. Егер ұрлаған адам жәбірленушіні босатса және оның әрекетінде қылмыстық құрам болмаса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», - делінген хабарламада.



Айта кету керек, Қазақстанда неке жасы - 18.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қыз алып қашу #Жаза #прокуратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.