Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 372 мыңға жуық азаматқа атаулы әлеуметтік көмек кө...

372 мыңға жуық азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Әлеумет 17.08.2024, 12:07 744
372 мыңға жуық азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Almaty-akshamy.kz. 

Шын мұқтаждар анықталады.

Әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Министрлік АӘК тағайындауға үміткер қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау тетігін пысықтап жатыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері ұсынылып, талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы азаматтардың шығысын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдерін қайта қарау міндетін қойған болатын.

"Осыған байланысты Отбасының цифрлық картасы мен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграцияларды пайдалана отырып, әлеуметтік көмек көрсетуді трансформациялау жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің басшысы Айнұр Әбдірахманованың айтуынша қазіргі уақытта министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп АӘК тағайындауға үміткер қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау тетігін пысықтап жатыр.

Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға, оқу ақысы мен қосымша білім алуға, демалыс пен ойын-сауыққа, сауықтыруға, жиһаз, тұрмыстық техника заттарын сатып алуға, кредиттерді өтеуге және т.б. шығыстардың түрлерін қарастыру жоспарлануда.

"Ұсынылып отырған алгоритм АӘК тағайындауға өтініш берген азаматтарға олардың кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алу үшін SMS-хабарлама жіберуді көздейді. Бұл банктік құпияны ашу және үшінші тұлғаларға ақпаратқа қол жеткізуге қатысты емес. Тексерулер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен автоматты түрде жүргізіледі", – деді Айнұр Әбдірахманова.

Сондай-ақ АӘК тағайындау тетігіндегі алдағы өзгерістер шын мәнінде мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан нысаналы қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні аталып өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 70,2 мың отбасындағы 372 мыңға жуық азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 60,5 млрд теңге қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АӘК #өзгеріс #бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.