ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / 300-ден астам отандық кәсіпорын өз өнімдерін «Ultt...

300-ден астам отандық кәсіпорын өз өнімдерін «Ulttyq Ónim» көрмесінде ұсынды

Экономика 05.05.2023, 05:49 2,696
300-ден астам отандық кәсіпорын өз өнімдерін «Ulttyq Ónim» көрмесінде ұсынды
Суретті түсірген - Д.Исаев
Алматыда отандық тауар өндірушілердің жыл сайынғы «Ulttyq Ónim» көрмесі басталды. Іс-шараға 300-ден астам отандық, оның ішінде 30 алматылық компания қатысады, олар тамақ, құрылыс, жиһаз, тоқыма...

Алматыда отандық тауар өндірушілердің жыл сайынғы «Ulttyq Ónim» көрмесі басталды. Іс-шараға 300-ден астам отандық, оның ішінде 30 алматылық компания қатысады, олар тамақ, құрылыс, жиһаз, тоқыма өнеркәсібі, кәдесый және т.б. өнімдерді өндіреді, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Көрменің ашылуында Ерболат Досаев атап өткендей, мұндай ауқымды іс-шараны өткізу Алматының өңірдегі және елдегі іскерлік тартымдылық орталығы ретіндегі мәртебесін көрсетеді. Жиын кәсіпкерлерге жаңа серіктестер мен өткізу нарығын табуға жол ашып, өнімін көрсетуге мүмкіндік береді, ал іскерлік бағдарлама өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кәсіпорындар арасында кооперациялық байланыстар құруға бағытталған өзекті тақырыптарды талқылауға арналған платформа болады.



«Биыл жыл басынан бері мегаполисте іскерлік белсенділік айтарлықтай өсті. Осы жылдың бірінші тоқсанында іскерлік белсенділік индексінің деңгейі бойынша (57,9%) Алматы Қазақстан өңірлер арасында бірінші орынға шықты. Қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш шамамен 24%-ға өсті. ШОБ дамыту әркез біздің назарымызда. Биыл мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында экономиканың басым бағыттары мен саласындағы 3 мыңнан астам жобаны қолдау үшін 44 млрд.теңге бөлінді», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.



Алматы – бизнес және капитал орталығы. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Алматының ЖӨӨ 5,1%-ға өсті. Кәсіпкерлік бастаманың арқасында бүгінде қала экономиканың бестен бір бөлігін (2022 жылы 18,5%) және республикалық бюджет кірісінің төрттен бірін қамтамасыз етеді.


«Ulttyq Ónim» қазақстандық тауарлар көрмесін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастырды. 5-7 мамыр аралығында іс-шара аясында қазақстандық дизайнерлердің сән көрсетілімі өтіп, концерттік бағдарлама, көрмеге келушілердің арасында ұтыс ойыны ойнатылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.