Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «3 бөлме - 750 мың теңге»: Алматыда пәтер жалдау қ...

«3 бөлме - 750 мың теңге»: Алматыда пәтер жалдау құны бір түнде аспандап кетті

Әлеумет 22.09.2022, 12:15 1,211
«3 бөлме - 750 мың теңге»: Алматыда пәтер жалдау құны бір түнде аспандап кетті
Сурет: Ашық дереккөзі

Үй иелері сұраныстың артуына ресейліктердің ағылып келуі себеп деп отыр


Алматыда тұрғын үй жалдау құны бір түнде 2-3 есеге қымбаттап кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


Бүгін krisha.kz сайтына жүктелген жарнамаларға назар аударсақ, 1 бөлмелі пәтердің орташа жалдау құны -250 мың, 2 бөлмелі- 400 мың, 3 бөлмелі 700 мың теңгенің шамасында. Ал элиталық тұрғын үй кешеніндегі баға 1 миллион теңгеден жоғары.



Мәселен, Алмалы ауданындағы бас-аяғы 49 шаршы метр болатын мына пәтердің аренда ақысы 450 мың теңге. Айта кетерлігі, бұл - 4 қабатты ескі үйлер. Үй иесі сұраныс көп, сондықтан бағаны көтердім деп отыр. Ал сұраныстың артуына ресейліктердің ағылып келуі себеп екенін алға тартты.



«Қазір Алматы, Астана қалаларында пәтерге сұраныс өте көп. Өзім пәтерді жалға берумен бірнеше қалаларда айналысамын. Өзім де жалдап тұрамын. Астанада екі бөлмелі пәтерді 500 мың теңгеге, Алматыда осы үйді 450 мың теңгеге беремін деп шештім. Жарнаманы бүгін салдым. Таңертеңгі бағаларға қарап мен де осындай бағаны қойдым. Бағаның өсуіне, әрине, Ресейден келіп жатқандар түрткі болды»,- дейді үй иесі.



Үй иесі «жеңілдік жасайсыз ба» деген сауалға «450 мың теңгенің ішіне коммуналдық төлемді қосуға болады, бірақ бағаны түсірмеймін» деп жауап берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пәтер #қымбатшылық #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.