ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / 27 шілдеде ауа райына байланысты еліміздің бірқата...

27 шілдеде ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Өмір-өзен 27.07.2024, 10:45 1,226
27 шілдеде ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: Manas.news
Аптап ыстық әлі де сақталады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Аптап ыстық әлі де сақталады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанып отыр. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық болады: +35 °C. Облыстың солтүстік-батысында, батысында өрт қаупі жоғары болады. Қарағандыда түнде найзағай ойнайды.

Қонаевта күндіз аптап ыстық болады: +41 °C.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +35...+38°C. Алматыда да күндіз қатты ыстық болады: +36...+38 °C.

Атырау облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан соққан желдің күндіз екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, күндіз бұршақ жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыс орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз аптап ыстық болады: +36°C. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Өскеменде күндіз қатты ыстық болады: +35 °C.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз аптап ыстық болады: +35...+38 °C. Облыстың оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары. Семейде күндіз қатты ыстық болады: +35 °C.

Күндіз Түркістан облысының таулы асуларында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық болады: +41°C.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Күндіз өңір орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және түстен кейін найзағай болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда аракідік найзағай жарқылдайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде де жел болады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Ақтөбеде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында аптап ыстық болады: +38...+40 °C. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары болады. Таразда да өрт қаупі жоғары.

Күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады: +35...+39 °C. Талдықорғанда күндіз қатты ыстық болады: +37...+39 °C.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.