конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 26 қап алтын тәркіленді

26 қап алтын тәркіленді

Заң мен тəртіп 30.05.2024, 11:52 857
26 қап алтын тәркіленді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

ІІМ Ақмола облысының кендерінде құрамында алтыны бар материалдардың заңсыз айналымына қатысы бар заңсыз кен қазушылардың әрекетін тоқтату бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Биыл полиция қызметкерлері 400-ден астам заңсыз кен қазушыларды ұстап, жауапкершілікке тартты. Сегіз қылмыстық іс тіркелді. Сондай-ақ топ болып әрекет ететін кен қазушылардың бригадалары анықталып, жолы кесілді. 

Осындай ұйымдасқан топ биыл қаңтар айында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен ұсталып, кенді қайта өңдейтін заңсыз цех жойылды. Салмағы 600 кг-нан астам құрамында алтыны бар 26 қап тәркіленді. 

Сәуір айында Степногорск қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі алтын ұрлаумен айналысқан үш заңсыз кен қазушы бригаданың жолын кесті. 

– Кенді қайта өңдейтін үш шағын цех, сегіз тоннадан астам құрамында алтыны бар концентрат, контрафактілік зергерлік бұйымдардың ондаған жиынтығы тәркіленді. Шахтаның 200 метр тереңдігінде жерасты жуу цехы табылды. Полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тергеу жалғасуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс. 

26 мамырда Ақсу және Бестөбе елді мекендерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тағы үш жерасты кен өңдеу цехы табылды. 

– Әр түрлі жабдықтар, шамамен 300 қап кен тәркіленді. Қылмыстық схеманың ұйымдастырушылары мен қызметкерлері ұсталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда, – деді Қуандық Алпыс.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтын #полиция #Кен орындары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);