Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 210 мыңнан астам жас маман жұмыспен қамтылды

210 мыңнан астам жас маман жұмыспен қамтылды

Әлеумет 28.10.2022, 05:55 989
210 мыңнан астам жас маман жұмыспен қамтылды
Сурет: Digitalbroccoli.com

Оның 75 мыңы тұрақты жұмысқа тұрған.


Қазақстанда 210 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


Жастар «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, қоғамдық жұмыстар, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және грант алу бағдарламалары арқылы жұмысқа орналасты. Бұл жобалар мамандығы бойынша тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған, сондай-ақ NEET санатына жататын 16-28 жас аралығындағы жастарға арналған.



«Жастар практикасын ұйымдастыру шеңберінде соңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері қатарындағы жұмыссыздарға қолдау көрсетіледі. 2022 жылы жұмысқа орналасқандар саны 25,3 мың адамды құрады, оның 44%-ы жұмыс берушіде тұрақты негізде бекітілді», - делінген хабарламада.



Тек мектеп білімі бар немесе жақында мамандығы бойынша оқуын бітірген жастарға «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы зейнеткерлік жасқа дейінгі қызметкерлерден бастап жас мамандарға тәжірибе мен білім беруді көздейді. Бұл шара аясында 3,8 мың жас жұмыспен қамтылған.


Ал 30,7 мыңнан астам жас қоғамдық жұмысқа орналастырылды.


Жастар арасында кәсіпкерлік бастамаларды дамыту мақсатында 58 мыңнан астам адам бизнес жүргізу дағдыларына ие болды, оның 6 мыңына өз ісін бастауға гранттар берілді.



Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша (оқу орнында немесе жұмыс орнында) қысқа мерзімді оқуға 3,3 мың адам жіберілді, олар оқу ақысы түрінде мемлекеттік қолдаумен, сондай-ақ стипендиямен және оқу орнына барып келуге, тұруға және медициналық тексеруден өтуге материалдық көмекпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 1220 адам оқуды аяқтады, оның 985-і жаңа мамандық бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылды.



5 мыңнан астам жас Skills.Enbek порталында онлайн оқытудан өту арқылы құзыреттіліктерін арттырып, дағдыларды игерді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #практика #кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.