ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / 2050 жылға қарай әлемде 5 млрд адам суға зәру бола...

2050 жылға қарай әлемде 5 млрд адам суға зәру болады

Әлем 11.10.2024, 09:22 838
2050 жылға қарай әлемде 5 млрд адам суға зәру болады
Сурет: 24.kz
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мамандары осылай дейді.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мамандары осылай дейді.

Қазірдің өзінде, жер бетіндегі өзендердің су деңгейі айтарлықтай төмендеп жатқаны байқалады. Құрғақшылық белең алып барады. Бұған әлемдегі өзендердің былтырғы жағдайы дәлел, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Су деңгейі бұрын-соңды болмаған көрсеткішке түсіп кеткен. Бұған  құрғақшылық пен аптап себеп. Бұл – Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның  келтірген дерегі.

Селеста Сауло, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының бас хатшысы: - 2023 жылы әлемдегі мұздықтар өз массасының едәуір бөлігін жоғалтты. Есеп бойынша мұндай көрсеткіш кейінгі 50 жылда болған емес. Әлемде ұзаққа созылған құрғақшылық кесірінен табиғаттағы су циклы тұрақсыз болып барады. Ал әлемдік қауымдастық бұл мәселеде ешқандай шара қабылдап жатқан жоқ.

Құрғақшылық салдарынан бүгінде Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американың көп бөлігінде өзен суы азайып қалған. 2023 жылы Миссисипи және Амазонка өзендері бассейндерінде су деңгейі рекордтық көрсеткішке төмендеп кетті. Сарапшылардың сөзінше, өзендердің бағытынан ауытқуы да климаттың өзгеруімен тікелей байланысты. Алапат тасқындар мен құрғақшылықтың белең алуы да сондықтан. 

Стефан Уленбрук, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының өкілі:  - Мұздықтардың еруі гидрологиялық режимді толық өзгертуі мүмкін. Сонымен қатар экожүйеге де кері әсер етеді. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы саласы зардап шегеді. Мұздықтардың жылдам еруінен алдағы бірнеше жылда су көлемі артуы мүмкін. Бірақ одан кейін оның  мөлшері қайта азаяды.

Жаңа зерттеуге сәйкес 3,5 млрд адам кемі бір ай судан таршылық көреді. Тиісті шара қабылдамаса, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 5 миллиардтан асуы әбден мүмкін. Былтыр әлемнің бірқатар аумағында мұздықтардың рекордтық жылдамдықпен еруі тіркелді. Мәселен, соңғы екі жылда Швейцарияның Альпі тауларындағы алып мұздар өз массасының шамамен 10%-ын жоғалтқан. Science ғылыми журналында жарияланған зерттеуге сәйкес жаһандық температура 1,5 градусқа жоғарыласа, жер бетіндегі мұздықтардың 50%-ы жойылып, мұхит деңгейі 9 сантиметрге көтеріледі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.