ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / 205 мыңнан астам қазақстандық онкологиялық есепте...

205 мыңнан астам қазақстандық онкологиялық есепте тұр

Медицина 06.10.2023, 06:50 1,323
205 мыңнан астам қазақстандық онкологиялық есепте тұр
almaty-akshamy.kz
Қазақстан Үкіметі азаматтарға онкологиялық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша бірқатар қосымша шаралар қабылдайды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі...

Қазақстан Үкіметі азаматтарға онкологиялық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша бірқатар қосымша шаралар қабылдайды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарға қол қойды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz primeminister.kz сілтеме жасап.


Құжат Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген және онкологиялық қызметті кешенді жаңғыртуға бағытталған. Бұл – тиімділігі жоғары ерте диагностиканы енгізуді, мамандандырылған емдеуді, паллиативтік көмек пен оңалту сапасын арттыруды, сондай-ақ кадрлық әлеует пен ғылымды нығайтуды көздейді. Жоспарланған іс-шаралар ерте диагностиканы жақсартуға, мүгедектікті азайтуға және онкологиялық науқастардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.



Мәселен, әрбір өңірде соңғы үлгідегі қондырғыларды орнату арқылы науқастар әлемдік стандарт деңгейінде заманауи сәулелік ем алу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар қажетті дәрі-дәрмектерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін жылжымалы медициналық кешендерді пайдалану жоспарланып отыр, бұл қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтады. Бұдан басқа, онкологиялық ауруларды емдеу шеңберінде телемедицина және жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдалану көзделеді. Жалпы онкологиялық көмек көрсету еліміздің барлық өңірлерінде бірыңғай стандартқа ие болады.



Кешенді жоспардың негізгі міндеттерінің бірі – онкологиядағы заманауи стандарттарды қолдану арқылы республика аумағында онкологиялық науқастарға қажетті медициналық көмектің толық кешенін қамтамасыз ету. Қазақстан мен ең дамыған елдер арасындағы медициналық көмек көрсету сапасының алшақтығын азайту үшін қазіргі уақытта стационарлық емдеуден амбулаториялық терапияның неғұрлым заманауи түрлеріне көшу жоспарланып отыр. 


Бұл ретте онкологиялық ауруға шалдыққан балалар мен олардың заңды өкілдерінің біріне химиотерапияның қарқынды курстарынан өтуі үшін көлік шығындарын өтеу жоспарланып отыр.


Жоспарланған шараларды іске асыруға орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды, сондай-ақ медициналық ұйымдармен қатар үкіметтік емес ұйымдарды да тарту жоспарланған. Олардың қатысуымен тақырыптық қайырымдылық жобалары жүзеге асырылады.



Кешенді жоспар республикалық бюджет комиссиясының отырысында қаралды. Оның нәтижелері бойынша 460,7 млрд теңге сомасында қаржыландыру қолдау тапты. Жоспарды іске асыру нәтижесінде қатерлі ісіктің асқынып кеткен жағдайларының үлесі (III-IV кезең) 10%-ға дейін төмендейді деп күтілуде. Пациенттерді сәулелік емдеумен қамтуды арттыру 53%-ға жетеді. Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді 100 мың тұрғынға шаққанда 64,5-ке дейін төмендету көзделіп отыр.



Айта кету керек, Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурудың 4%-ға өсуі байқалады, 2022 жылы 39 мыңнан астам жаңа жағдай тіркелген. Бүгінде 205 мыңнан астам қазақстандық есепте тұр. Бұған дейінгі Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру кезеңінде республикада қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 15%-ға төмендеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.