AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2027 жылы қалалардың 75%-ы 5G-мен қамтылады

2027 жылы қалалардың 75%-ы 5G-мен қамтылады

Әлеумет 08.02.2023, 04:56 864
2027 жылы қалалардың 75%-ы 5G-мен қамтылады
Сурет: Kazakhstan Today

Ауылда интернет пайдаланушылардың үлесі 97%-ға жетпек.


Үкіметте ұлттық жобаларды әзірлеу барысы талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "Қолжетімді интернет" және "Әрбір елді мекенде таза ауыз су" ұлттық жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді.



Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, 2027 жылы кең жолақты интернеттің үйдегі желілеріне қол жеткізу деңгейі 100%-ға жетеді. Сонымен қатар 2027 жылы 5G-мен қамту республикалық маңызы бар қалаларда 75%-ға, облыс орталықтарының қалаларында 60%-ға жетпек. Ал ауылдық жерлерде интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 2027 жылы 97%-ға жақындайды.



Сонымен қатар кеңеске қатысушылар Мемлекет басшысының халықты ауыз сумен жүз пайыз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленген "Әрбір елді мекенде таза ауыз су" ұлттық жобасын қарады.


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жобаны қаржыландыруды қайта қарады. Оны іске асыру 2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #жоба #ауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);