ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / 2027 жылға дейін Қазақстанда 1,3 мың шақырым жаңа...

2027 жылға дейін Қазақстанда 1,3 мың шақырым жаңа теміржол желісі салынады

Экономика 19.11.2024, 16:35 953
2027 жылға дейін Қазақстанда 1,3 мың шақырым жаңа теміржол желісі салынады
Cурет: aqshamnews.kz
Олжас Бектенов Президент жүктеген міндеттерді орындау шеңберінде көлік желілерін жаңғырту жобаларын уақтылы іске асыруды тапсырды.

Олжас Бектенов Президент жүктеген міндеттерді орындау шеңберінде көлік желілерін жаңғырту жобаларын уақтылы іске асыруды тапсырды.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Премьер-Министрге перспективалы инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндады. 2027 жылға дейін Қазақстанда 1,3 мың шақырым жаңа темір жол желісін салу, ал 2029 жылға дейін 11 мың шақырым темір жол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның 2,8 мың шақырымында жұмыстар аяқталды.  

Бұдан басқа, рекордтық қамтуы 12 мың шақырымды құрайтын жолдар салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, оның 7 мыңы биыл аяқталады. Автокөлік тасымалдарының тиімділігін арттыру үшін 2029 жылға дейін ЕАЭО ішкі шекарасындағы 36 өткізу бекетін жаңғырту жоспарланып отыр.  

Көлік министрлігінің мәліметінше, қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде темір жол тасымалы бойынша экспорт 130 млн тоннаға дейін жеткізіледі, импорт пен транзит көлемі тиісінше 60% және 65%-ға артады. Автокөлік тасымалдары бойынша экспорт пен импорт 2 есеге, транзит 6 есеге артады деп күтілуде.

Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігіне жоспарланған барлық жобаның уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.