ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2027 жылдан бастап елімізде медициналық көмек біры...

2027 жылдан бастап елімізде медициналық көмек бірыңғай пакет арқылы көрсетілмек

Әлеумет 24.07.2025, 13:41 1,065
2027 жылдан бастап елімізде медициналық көмек бірыңғай пакет арқылы көрсетілмек
Өңірлік коммуникациялар қызметі
2027 жылдан бастап елімізде Медициналық көмектің бірыңғай пакеті қолданысқа енеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық...

2027 жылдан бастап елімізде Медициналық көмектің бірыңғай пакеті қолданысқа енеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім жетекшісі Ләйла Иманғалиева хабарлады. 

«Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2025 жылдың екінші жартысынан бастап барлық онкологиялық скринингтер тегін жасалатын болды. Яғни, онкоскринингтен өту үшін сақтандыру статусы талап етілмейді. Сондай-ақ, 2026 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар 8 дертке күдік келтірілген жағдайда консультативтік-диагностикалық көмек тегін көрсетіледі. Бұған дейін аталған қызметтер тек ВИЧ пен туберкулез сынды 2 сырқат бойынша ғана тегін болатын», - деп атап өтті Ләйла Иманғалиева. 

2026 жылдан бастап амбулаторлық диализ, консультативтік-диагностикалық көмек, амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, динамикалық бақылауға жататын 12 сырқат тобы бойынша жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек МӘМС пакеті арқылы көрсетілетін болады. Бұлар: бауыр, қан мен қан шығару органдарының, іш құрылыс аурулары, жұқпалы емес энтерит және колит, артропатия, дорсопатия, қалқанша безі аурулары, қатерлі емес аденома ісігі, сүт бездерінің қатерлі емес дисплазиясы, әйелдердің жыныстық аурулары, бронх-өкпе дисплазиясы, туабітті жүрек ақауы, іште пайда болған кемістіктер т.б.

Спикердің айтуынша, бұл бастамалар 2027 жылдан бастап қаржыландырудың сақтандыру үлгісіне басымдық беруге мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығынның 35% Тегін медициналық көмек пакетінен (ТМККК), 65% МӘМС пакетінен алынбақ. Қазіргі таңда шығынның 57% ТМККК пакетіне, қалған 43% МӘМС-ке тиесілі.

2026 жылдан бастап ТМККК пакеті мынадай қызметтерден тұрады: 
•    Жедел жәрдем;
•    Бастапқы медициналық-санитарлық көмек;
•    8 түрлі әлеуметтік маңызы бар ауруға күдік келтірілген жағдайда диагностика жасау;
•    8 түрлі әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққандарға стационарлық және стационарды алмастыратын көмек;
•    Онкоскринигтер; 
•    Инфекция;
•    Сақтандырылмағандарды шұғыл жағдайларда стационарда емдеу;
•    Паллиативтік көмек;
•    Қан препараттарымен қамтамасыз ету.

Ал, МӘМС пакетінде сақтандырылған азаматтарға мынадай қызметтер көрсетілмек:
•    Консультативтік-диагностикалық қызметтер, ТМККК пакетінен тыс дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, соның ішінде, созылмалы аурулардың 26 түрі бойынша;
•    Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, соның ішінде, созылмалы аурулардың 26 түрі бойынша; 
•    Жоғары технологиялық медициналық көмек;
•    Медициналық реабилитация.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.