AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2026 жылғы 11-20 маусым аралығындағы ресми теріске...

2026 жылғы 11-20 маусым аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Әлеумет Бүгін 16:46 97 yakiya
2026 жылғы 11-20 маусым аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Фейк: Курьер болып қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру.
 
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің теріске шығаруы:   
 
Жұмыс істемейтін ата-аналарға бала бір жарым жасқа толғанға дейін республикалық бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақылар олардың кейіннен жұмысқа орналасуына қарамастан толық төленеді. Ал жұмыс істейтін ата-аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған әлеуметтік төлемдер олар жұмысқа қайта шыққан кезде автоматты түрде тоқтатылмайды. Бұл төлемдер тек алушының өз еркімен берген өтініші негізінде ғана тоқтатылуы мүмкін.
 
Фейк: Қазақстан Қарулы Күштеріндегі әскери оқу-жаттығуларында 1940 жылдардағы қару-жарақ қолданылуда.
 
ҚР Қорғаныс министрлігінің теріске шығаруы:
 
Қазақстан армиясында 1940-жылдардағы қару-жарақ қолданылмайды. Оқу-жаттығу жиындарында қазіргі уақытта армия қатарында тұрған заманауи қару түрлері, сондай-ақ қарулы күштерді жаңғырту аясында жаңадан келіп түсіп жатқан әскери техниканың озық үлгілері пайдаланылады.
 
Фейк: Қазақстанда азаматтарды сексуалдық бағдары немесе діни наным-сенімі бойынша мерзімді әскери қызметтен босату.
 
ҚР Қорғаныс министрлігінің теріске шығаруы: 
 
Отандық заңнамада азаматтарды сексуалдық бағдарына немесе діни ұстанымына байланысты мерзімді әскери қызметті өтеуден босату қарастырылмаған.
 
Фейк: 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап жеке тұрғын үйлердің маңына автокөлік қоюға тыйым салынады.
 
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының түсіндірмесі:
 
Бұл тыйым салу тек жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда мүлікті, соның ішінде қолданыстан шығарылған, ақаулы және бөлшектенген автокөліктерді заңсыз жинау мен ұзақ уақыт сақтауға ғана қатысты. Көлік құралдарын тікелей мақсатында пайдалануға, сондай-ақ оларды арнайы қарастырылған тұрақтар мен автотұрақ орындарына қоюға ешқандай шектеу қойылмайды.
 
Аталған норма Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларында бекітілген және қоғамдық кеңістіктердің санитарлық әрі эстетикалық жай-күйін сақтауға бағытталған. Бұл ережелер жол қозғалысын, автотұрақтарды ұйымдастыруды және көлік құралдарын пайдалану мәселелерін реттемейді - бұл мәселелер өзге нормативтік-құқықтық актілердің құзыретіне жатады.
 
⚠️ Орталықтың  ұсынысы:
 
➡️ Астанада шетелдік жоғары оқу орнына түсуге көмектесуге уәде берген алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Полиция департаментінің мәліметінше, 32 жастағы күдікті өзін білім беру орталығының өкілі ретінде таныстырып, шетелдік университеттермен байланысы бар екенін айтып, азаматтарды алдаған.
 
➡️ Сонымен қатар, елордада туристік жолдамаларды сату кезінде алаяқтық жасады деген күдікпен тағы бір азамат ұсталды. Ол өзін туристік агенттік қызметкері ретінде таныстырып, тұрғындарға шетелдік сапарларды тиімді бағамен ұйымдастыруды ұсынған.
 
‼️ Алаяқтар көбінесе оқуға түсу, жұмысқа орналасу, виза рәсімдеу, саяхат ұйымдастыру және құжаттар әзірлеу сияқты сұранысқа ие қызметтерді алға тартып, «ерекше жағдайлар жасауды», «жеке байланыстарды» немесе «жүз пайыздық нәтижені» уәде етеді.
 
Қаржы аудармас бұрын ұйымның немесе делдалдың мәліметтерін, оның ресми тіркеуін, қажетті лицензияларының бар-жоғын дербес тексеріп, ақпаратты мекеменің ресми сайты немесе байланыс нөмірлері арқылы нақтылаңыз. Кепілдендірілген нәтиже, күмәнді жеңілдіктер, шұғыл ақша аудару туралы талаптар немесе бейресми келісімдерге сілтеме жасау - алаяқтықтың негізгі белгілері болып табылады.
 
Оқу орындарына түсу, туристік қызметтер мен виза алу процедуралары тек заңмен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады және ешқандай бейресми делдалдар арқылы «мәселені шешуді» көздемейді.
 
Күмән туындаған жағдайда, ақпаратты ресми дереккөздерден қосымша тексеру немесе түсіндірме алу үшін құзыретті мемлекеттік органдарға жүгіну ұсынылады.
 
📝 Қосымша мәлімет:
 
➡️ 2026 жылғы 12 маусымнан бастап ҚР Жоғарғы Сотының «Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы» жаңа нормативтік қаулысы күшіне енді.
 
Құжатта БАҚ жарияланымдарға, интернеттегі жазбалар мен пікірлерге қатысты дауларды қарау тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілген. Атап айтқанда, мұндай істер бойынша жарияланым авторлары, аккаунттар мен абоненттік нөмірлердің иелері жауапкер ретінде танылуы мүмкін. Ал заңға қайшы келетін пікірлер үшін оның тікелей жазған авторы дербес жауапты болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік төлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тағдырын арқанға байлаған құрылыстағы альпинистер...

Бүгін 20:36

Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді

Бүгін 17:28

Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 16:03

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-ші театр маусымының жабылуына шақырады

Бүгін 15:59

Қазақстанның барлық онкологиялық орталықтарында Бірыңғай ашық есік күні өтеді

Бүгін 14:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);