ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / 2026 жылы Алматыда "Қалқаман" метро бекеті іске қо...

2026 жылы Алматыда "Қалқаман" метро бекеті іске қосылады

Алматы 17.12.2025, 17:36 402
2026 жылы Алматыда "Қалқаман" метро бекеті іске қосылады
Алматы әкімдігі
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистегі көлік кептелісі мәселесі қоғамдық көлікті жүйелі дамыту арқылы шешіліп жатқанын айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистегі көлік кептелісі мәселесі қоғамдық көлікті жүйелі дамыту арқылы шешіліп жатқанын айтты.

Әкімнің айтуынша, көлік қозғалысының шамадан тыс жүктемесі қаланың экологиялық жағдайына тікелей әсер етеді. Сондықтан жеке автокөліктерге балама ретінде қоғамдық көлікті дамытуға басымдық беріліп отыр.

"Бұл – күрделі мәселе. Кептеліс экологияға тікелей әсер етеді, себебі көліктер ауаға тарайтын зиянды заттардың 60%-ын шығарады. Біз Шанхай, Лондон және Мәскеу секілді қалалардың тәжірибесін зерделедік. Мәскеуде 2016 жылы жеке автокөлікті пайдаланушылардың үлесі 60% болса, бүгінде бұл көрсеткіш 30%-ға дейін төмендеді, ал қалған 70% тұрғын қоғамдық көлікті пайдаланады. Сондықтан кептеліс мәселесінің бір ғана шешімі бар", – деді Дархан Сатыбалды.

Әкімнің айтуынша, мәселені шешудің тиімді жолының бірі – жылдам жүретін қоғамдық көлік бағыттарын дамыту. "Біріншіден, BRT желілерін тез әрі салыстырмалы түрде оңай іске қосуға болады. Сонымен қатар LRT жобасы да дайындалып жатыр, бұл бағыттар қатар жүзеге асырылады", – деді ол.

Қала басшысы метроның дамуына да жеке тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта бірқатар нысандарды аяқтау мерзімдері қайта қаралып жатыр.

"Маусым айында метроға барғанымда маған "Қалқаман" бекетін аяқтауға 24 ай қажет делінген. Қазір бұл жұмыстарды 8-9 айда бітіру жоспарланып отыр. Мұндай жобаларды жедел жүзеге асыру керек", – деді әкім. 

Оның айтуынша, қала метрополитенді кеңейтуді жалғастырып жатыр. "Келесі жылы "Қалкаман" бекеті мен "Барлық" базары арасындағы 5,3 шақырымдық метро желісінің құрылысы басталады. Сондай-ақ "Жібек жолы" бекетінен әуежайға дейінгі 14 шақырымды қамтитын екінші желі жобасы әзірленіп жатыр", – деді Дархан Сатыбалды.

Сөз аяғында әкім метро мен қоғамдық көлік дамымай, қаладағы көлік кептелісі мәселесін шешу мүмкін емес екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.