Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылы пандемия бола ма?

2025 жылы пандемия бола ма?

Әлеумет 08.11.2023, 14:14 1,255
2025 жылы пандемия бола ма?
Сурет: интернеттен

Бұл аштық пен көп адамның өліміне әкеледі.


Әлеуметтік желіде 2025 жылы апатты инфекцияның пайда болатыны болжанды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Stopfake.kz-тің жазуынша, бұл өтірік.


Біріншіден, автор ешқандай нақты ақпарат көздерін атамайды. Бірақ 2024 жылдың қазан айынан 2025 жылдың қазан айына дейін әлемде аштық пен жаппай өлім болады тұр деп мәлімдейді. Ол кезде «Х ауруы» тарайды екен.



«Х ауруы» терминін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2018 жылы енгізді. Бұл мүлдем инфекция емес. Ғалымдар болашақта эпидемияға әкелуі мүмкін белгісіз ауруды осылай атайды. Бұған дейін, 2015 жылы ДДСҰ пандемия тудыруы ықтимал басым қоздырғыштардың тізімін жасады. Тізім тұрақты емес, ол жаңартылып отырады. The Guardian басылымының хабарлауынша, Ұлыбританияда вакциналарды зерттеу орталығы ашылды. Онда жануарлардың вирустарын зерттеп, иммундауды күшейту қажет аймақтар анықталып, «Х ауруына» дайындық жүргізіледі. Мұндай зертхананы құру «100 күндік миссия» жобасына кіреді. Ғалымдар 100 күнде Х ауруын тиімді жеңе алатын қауіпсіз вакцина жасау үстінде.



Хабарлама авторлары Дүниежүзілік экономикалық форумды да мысал ретінде келтіреді. Бұл ұйым 2025 жылға қарай болатын апатты инфекцияны модельдеген екен. Бұл туралы ДЭФ-тің ресми сайтында да, әлеуметтік желілерінде де ақпарат жоқ.


2023 жылдың сәуірінде 2025 жылы пандемияның басталуына себеп болатын SEERS вирусы жасалды деген жалған ақпарат тарады. AP фактчекерлері бұл оқу-жаттығулары болғанын анықтады. Оны 2022 жылдың қазан айында Джонс Хопкинс орталығы ДДСҰ және Гейтс отбасылық қорымен бірлесіп ұйымдастырған.


«Апатты ауру жұқтыру» жаттығуларында болашақ пандемиямен күрес шаралары мен оған дайындық пысықталды.



Сондай-ақ, жарияланымда Deagel сайтының болжамы туралы айтылады. 2025 жылы планета халқы азаяды екен. Deagel платформасында әртүрлі елдердің әуе-ғарыш күштері туралы ақпарат бар. Мұнда осы тақырыптағы жаңалықтар шығады, сайт ешқандай болжам жасамайды.



Осылайша, 2025 жылы әлемде жоспарланған инфекция тарап, аштық пен жаппай өлім болатынына дәлел жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пандемия #апат #өтірік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.