AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылы Алматының Түрксіб ауданында 8 км жылу же...

2025 жылы Алматының Түрксіб ауданында 8 км жылу желілері жаңғыртылады

Әлеумет 10.04.2025, 10:16 737 Bakyt
2025 жылы Алматының Түрксіб ауданында 8 км жылу желілері жаңғыртылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Майлин көшесі мен Сейфуллин даңғылы бойында биыл жылу желілері жаңартылады

Түрксіб ауданында жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқын алған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, аудандағы жылу желілерінің тозу деңгейі шамамен 80%, сондықтан оларды жаңарту басты міндеттің бірі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылы екі негізгі учаскеде 2,1 км жылу желісінің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды: Спасск көшесінде (Нұрсая көшесінен Урицкий көшесіне дейін) және Сүйінбай көшесінде (Бекмаханов көшесінен Гаршин көшесіне дейін). Бұл жұмыстар осы аумақтардағы жылумен қамту сенімділігін айтарлықтай арттырып, жылу шығынын азайтуға мүмкіндік берді.

2025 жылы тағы 8,1 км жылу желілерін ауқымды түрде жаңарту жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, жұмыс Майлин көшесінде – Наманганская көшесінен Монтажная көшесіне дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, жаңғырту жұмыстары Сейфуллин даңғылы бойында – Ақан сері көшесінен Котельников көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі, тұрғындарға қолайсыздықты барынша азайту қарастырылған.

Айта кетейік, жылу желілерін жаңарту Алматы қаласындағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды бағдарламаның бір бөлігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жылу желілері #Түркісіб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);