AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылы Алматының Түрксіб ауданында 54 км-ден ас...

2025 жылы Алматының Түрксіб ауданында 54 км-ден астам электр желілері жаңғыртылады

Әлеумет 10.04.2025, 10:54 1,015
2025 жылы Алматының Түрксіб ауданында 54 км-ден астам электр желілері жаңғыртылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда биыл мамырда Қайрат және Нұршашқан шағын аудандарының тұрғындары үшін жаңа «Тұздыбастау» қосалқы станциясы пайдалануға беріледі

Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев электр желілерін салу және жаңғырту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады. Бұл шаралар электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және тұрғын алаптарында жиі болатын апаттарды жоюға бағытталған.

2024 жылы Қайрат шағын ауданында 55,5 км кабель желілері тартылып, 22 трансформаторлық қосалқы станция мен 1 тарату пункті орнатылды. Бұл шаралар ауданның электрмен қамту сапасын айтарлықтай жақсартып, апаттық жағдайда өшудің санын азайтуға мүмкіндік берді.

Бұған қоса, 2025 жылдың мамырына дейін Әлмерек және Нұршашқан шағын аудандарында 54,5 км электр желілері мен 16 трансформаторлық қосалқы станцияны жаңғырту жұмыстары аяқталады.

Қайрат және Нұршашқан шағын аудандары тұрғындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы жаңа «Тұздыбастау» қосалқы станциясы салынды. Нысанды пайдалануға беру биыл мамыр айына жоспарланған. Қазір «Тұздыбастау» қосалқы станциясын «Бесағаш» қосалқы станциясымен байланыстыратын 7,8 км кабель желілерін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы аудан тұрғындарын тұрақты электрмен қамтамасыз етеді және болашақта инфрақұрылымды дамытуға негіз болады.

Жалпы, қалада инженерлік желілерді жаңғырту және қайта құру бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуы 52,9%-ға, су бұру желілерінің тозуы 53,9%-ға, ал электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 63,3%-ға дейін төмендейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұздыбастау #сумен жабдықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);