AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылы Алматының Бостандық ауданында 25 км арық...

2025 жылы Алматының Бостандық ауданында 25 км арық жүйесі салынады

Әлеумет 13.03.2025, 10:12 747 Bakyt
2025 жылы Алматының Бостандық ауданында 25 км арық жүйесі салынады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала басшысының айтуынша, былтыр ауданда 33 көшеде 30,5 км жол орташа жөндеуден өтті. Биыл тағы 26 көшеде 30,3 км жол жөнделеді.

Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 30 мың шаршы метр жол төсемі қалпына келтіріліп, 32 км арық жүйесі салынды. 2025 жылы тағы 30 мың шаршы метр жолды жөндеу және 24,4 км арық жүйесін салу жоспарланған.

«Инклюзивті ортаны құру мақсатында биыл мамыр айында 5 жерүсті және 12 жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жүргізіледі. Жөндеу барысында жеделсатылар мен көтергіш құрылғылар жаңартылады. Жұмыс жыл соңына дейін аяқталады», – деді Ерболат Досаев.

Кездесу барысында Алматы әкімі ауданда қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы да хабарлады. Өткен жылы қоғамдық көлік паркі 66 жаңа автобуспен толықты, бұл 25 қолданыстағы маршрутты жаңартуға және қосымша автобус қосуға мүмкіндік берді. 2025 жылдың мамыр айында тағы 18 жаңа автобус 8 маршрутқа қосылады.

Бұған қоса, ауданда тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 26 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені және 1 100 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бостандық #Арық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);