AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 2025 жылы Алматыда білім беру инфрақұрылымы рекорд...

2025 жылы Алматыда білім беру инфрақұрылымы рекордтық өсімге қол жеткізді

Білім және ғылым 14.02.2026, 13:23 655
2025 жылы Алматыда білім беру инфрақұрылымы рекордтық өсімге қол жеткізді
Білім басқармасы

Алматының Білім басқармасы 2025 жылды қорытындылады. Өткен жыл білім беру нысандарының құрылысы ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған кезең ретінде тіркелді. 37 білім беру мекемесі пайдалануға беріліп, 39 775 оқушы орны пайда болды.
 
Басты бағыттардың бірі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 34 200 орынға арналған 20 жаңа мектеп салу еді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен тағы екі мектеп пайдалануға берілді: 550 орындық «Зерделі» мектебі және «Әлем Сити» тұрғын үй кешенінде сатып алынған, 1 200 орынға арналған білім беру нысаны. 

Қолданыстағы мектептердегі жүктемені азайту үшін №191, №174, №35 және №99 мектептердің жанынан жалпы сыйымдылығы 1 195 орын болатын төрт қосалқы нысан салынды.

Мектепке дейінгі білім беру саласы да қарқынды дамыды. 1 480 орындық жеті мемлекеттік балабақша, «Самғау» және «Шабыт» қосымша білім беру орталықтары, сондай-ақ «Жанұя» спорт кешені ашылды. Кәсіптік білім беру жүйесіне 1 050 орынға арналған және 100 орындық жатақханасы бар Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі қосылды.

Сонымен қатар, қалада білім беру инфрақұрылымына қажеттіліктер картасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, 2030 жылға дейін 105 мың оқушы орнына арналған тағы 70 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл біртіндеп бір ауысымда оқыту жүйесіне көшуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Білім беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);