ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылы Алматы индустриалды аймағында 11 жаңа жо...

2025 жылы Алматы индустриалды аймағында 11 жаңа жоба іске қосылады

Әлеумет 28.03.2025, 10:10 841
2025 жылы Алматы индустриалды аймағында 11 жаңа жоба іске қосылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
2025 жылы Алматы индустриалды аймағында (АИА) жалпы инвестиция көлемі 135,5 млрд теңге болатын 11 жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл бастама 2 662 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік...

2025 жылы Алматы индустриалды аймағында (АИА) жалпы инвестиция көлемі 135,5 млрд теңге болатын 11 жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл бастама 2 662 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

Жаңа кәсіпорындардың қатарында 6 өндірістік нысан мен 5 шағын өнеркәсіптік парк (ШӨП) бар:

         1.      Astana Motors Manufacturing Kazakhstan – қытай брендтерінің жеңіл автомобильдерін шығаратын зауыт;

         2.      Astana Motors Engineering – қойма кешені;

         3.      ALTRA TYRES – автокөлік шиналарын қайта өңдеу және резеңке техникалық бұйымдар шығару зауыты;

         4.      BLACK BIOTECHNOLOGY – биоқоспа мен тыңайтқыш шығаратын зауыт;

         5.      Kapital Construction – арматуралы торлар мен профильді құбырлар өндірісі;

         6.      Бағдар ЛТД – шыны ыдыстар шығаратын зауыт;

         7.      «ALAESTATE» – шағын өнеркәсіптік парк;

         8.      «Bayterek-2050» – шағын өнеркәсіптік парк;

         9.      «T and M company»  – шағын өнеркәсіптік парк;

         10.    «Corporation M&A» – шағын өнеркәсіптік парк;

         11.    «Бақ Дәулет» – шағын өнеркәсіптік парк.

 

Бес шағын өнеркәсіптік парктің құрылысына 2,48 млрд теңге бөлінді. Жалпы ауданы 23 510 шаршы метр болатын бұл нысандар 640 жұмыс орнын ашады.

 

Сонымен қатар, Алматы қаласында жалпы ауданы 140,2 мың шаршы метр болатын тағы 24 шағын өнеркәсіптік парк салынып жатыр. Олардың іске қосылуы 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Бұл жобаларға 15,36 млрд теңге инвестиция салынбақ, нәтижесінде 3 125 жаңа жұмыс орны ашылып, 144 шағын және орта бизнес субъектісі орналастырылады.

 

Қазір Алматы индустриалды аймағында 107 компания жұмыс істейді. Олардың жалпы инвестиция көлемі – 553,3 млрд теңге, ал ашылған жұмыс орындар саны – 14 583. 2024 жылы АИА аумағында 13,4 млрд теңге инвестицияланған 11 жоба іске қосылып, 977 адам жұмыспен қамтылды. 2016-2024 жылдар аралығында жалпы сомасы 142,1 млрд теңге болатын 41 жоба жүзеге асырылып, 4 430 жұмыс орны ашылды. Осы кезеңде АИА кәсіпорындары 2 524,4 млрд теңгенің өнімін шығарып, 63,1 млрд теңге салық төледі.

 

Алматы индустриалды аймағының дамуы жалғасып, қала экономикасының өсуіне және шағын және орта бизнесті қолдауға үлес қосып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,314 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.