AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылы 267 мыңнан астам адам онлайн оқудан өтті

2025 жылы 267 мыңнан астам адам онлайн оқудан өтті

Әлеумет 11.08.2025, 10:52 685
2025 жылы 267 мыңнан астам адам онлайн оқудан өтті
aqshamnews.kz

2025 жылдың басынан бері 267,2 мың қазақстандық, оның ішінде 45,2 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek онлайн-платформасында оқудан өтіп, сертификат алды. Платформада қазіргі таңда 809,8 мың адам тіркелген, олардың 311,1 мыңы биыл қосылған. Жобаның іске қосылғанынан бері 678,1 мың адам білім алған.

Жұмыссыздар қатарындағы 12,4 мыңға жуығы Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласының жастары.

Платформа іске қосылғаннан бері авторлар 1 000-нан астам курс жариялады, оның 340-ы тегін. Сондай-ақ Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Шілде айында ең көп сұранысқа ие болған курстар қатарында «Твой карьерный старт: как использовать “Электронную биржу труда”», «Кассир», «Страховой агент», «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении» және «Построение отдела продаж в отеле» бар.

Платформада SMART SKILLS, басқару және басқа да салалар бойынша тегін курстар саны артып келеді. Жоба халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған.

Оқу қарқынын, тілін және материалды беру форматын (мәтін, бейне, аудио, инфографика) әр білім алушы өзі таңдайды. Курсты аяқтау үшін 70% немесе одан жоғары нәтижемен тест тапсырып, бағалау жүргізу қажет. Сертификат Enbek.kz порталындағы түйіндемеге автоматты түрде қосылады және жұмыс берушілерге көрінеді.

Авторлар үшін курстарды тегін жариялау, сабақ құрастырушы, статистика, сертификат үлгілері және оқу құнын есептеу калькуляторы қолжетімді. Платформа ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімделген.

2023 жылдың желтоқсанынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы да өтуге болады. Қосымшаны Google Play немесе App Store-дан жүктеуге болады.

Тіркелу және жұмыс істеу бойынша сұрақтар үшін «ЕРДО» АҚ қызметкерлеріне 8 (7172) 95 43 17 (ішкі 877, 888) нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Enbek #жұмыс #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);