Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылы 12 миллион 400 мың тұрғын табиғи газбен...

2025 жылы 12 миллион 400 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етіледі

Әлеумет 20.01.2025, 10:17 753
2025 жылы 12 миллион 400 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етіледі
интернет

Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтай отырысындағы тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы 1 700 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 300 мыңнан астам азамат көгілдір отынға қол жеткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Елді мекендерді газдандыру халықтың өмір сапасын жақсартумен қатар экологияның ластануын төмендетуге, баламалы отын сатып алуға жұмсалатын қаражатты үнемдеуге және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

2025 жылы елді газдандыру деңгейін 62%-ға жеткізу көзделген, бұл 12,4 миллионнан астам тұрғынның табиғи газға қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта мемлекет 7 елді мекенді газдандыруға арналған 45 жобаны іске асыру үшін 65,9 миллиард теңге бөлді.

«Финская-120» автоматтандырылған газ реттеу станциясы мен магистральдық газ құбырының құрылысы Атырау облысындағы ірі жобалардың бірі саналады. Жоба Атырау қаласының еуропалық бөлігін газбен қамтамасыз етуді жақсартып, өңірдің өнеркәсіптік дамуына серпін береді.

Табиғи газды пайдалану экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Көмірқышқыл газының шығарындылары төмен деңгейде, зиянды қоспалар жоқ, ал көмір мен мазутпен салыстырғанда энергия тиімділігі жоғары.

Мемлекет басшысының «әлеуметтік әмиян» тетігін енгізу туралы тапсырмасы аясында Үкімет 2024 жылы Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тауарлық газға жеңілдіктер енгізді. Бұл пилоттық жоба 6 мыңнан астам азаматты қамтыды. Сәтті жүзеге асырылған жағдайда тетік бүкіл ел бойынша енгізілмек.

Сонымен қатар, «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ұзындығы 302 шақырым болатын бұл жоба Жетісу облысындағы 124 мың тұрғынды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. Бұл ішкі тұтынуға арналған тауарлық газ көлемін жылына 700 миллион текше метрге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қашаған шикізат базасында сұйытылған мұнай газын өндіру кешені салынып жатыр. Жоба 2026 жылдан бастап қосымша сұйытылған газ көлемін ішкі нарыққа жеткізіп, мұнай-газ химиясын дамытуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық құрылтай #көгілдір отын #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.