ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл ша...

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

Әлеумет 10.05.2025, 14:28 658
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды
Сурет: Gov.kz
Мемлекет басшысының 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жеңілдетілген несиелеуге өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 29...

Мемлекет басшысының 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жеңілдетілген несиелеуге өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 29 қарашадан басталды.

Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне егіс науқанына дер кезінде дайындалып, тұқым, тыңайтқыш және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, сондай-ақ қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізуге жалпы 700 млрд теңгеге дейін қаражат бағыттау көзделіп отыр. Оның ішінде шамамен 560 млрд теңге нарықтық капитал көздерінен тартылуда.

Бүгінгі күнге дейін 6 100 ауыл шаруашылығы өндірушісі жалпы сомасы 382,5 млрд теңгеге қаржыландырылды. Жалпы 480,5 млрд теңгеге 7 мыңға жуық өтінімнен тұратын пул қалыптасты. Үкімет қабылдаған шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қаржылық ресурстарға барынша жеңілдетілген әрі қолайлы шарттармен қол жеткізіп отыр.

Бағдарламаға қатысушылардың аясын кеңейту мақсатында несие рәсімдеп, оны өтеуге жүгінуге болатын қаржы институттарының қатары ұлғайтылды.

«Аграрлық несие корпорациясы» жылдық 5% жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы аясында қаржыландыруды жалғастыруда.

Қаржыландыру процесіне Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары белсенді атсалысуда. Осы өңірлік құрылымдар арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға 165,3 млрд теңге бөлінді.

Қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру мақсатында несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік беру тетігі іске асырылуда. 2025 жылдың өзінде жалпы сомасы 159 млрд теңгені құрайтын несиелерге 135,2 млрд теңгеге 943 кепілдік берілді. Бұл кепілдіктерді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұсынады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы жалғасуда. Ағымдағы жылға арналған жалпы қаржыландыру лимиті – 200 млрд теңге. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 6 000-нан астам отандық техниканы сатып алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда 120 млрд теңгеге 3 200 өтінім қабылданса, 60,7 млрд теңгеге 3 435 техника бірлігін сатып алуға 1 823 шарт жасалды.

Қолға алынған шаралар ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың маңызды құралы болып табылады және еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.